ТҮРКІСТАН: КТ ЖӘНЕ МРТ АППАРАТЫ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІ БАР КЕЗ КЕЛГЕН АДАМҒА ҚОЛЖЕТІМДІ

  ТҮРКІСТАН: КТ ЖӘНЕ МРТ АППАРАТЫ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІ БАР КЕЗ КЕЛГЕН АДАМҒА ҚОЛЖЕТІМДІ
Елімізде МӘМС жүйесі енгізілгелі көрсетілетін қызметтер тізбесі кеңейтілді және олардың көлемі ұлғайды. Сонымен қатар күрделі оталар мен жоғары дәлдіктегі диагностиканы күту ұзақтығын қысқарту мәселелерін шешуге мүмкіндік берді. 2023 жылы Түркістан облысының тұрғындарына медициналық көмек көрсетуге 204 493 266 мың теңге бөлінді.
Оның ішінде міндетті медициналық сақтандыру жүйесінен - 95 432 806 мың теңге. Яғни, қазіргі уақытта облыс бюджеті 3 еседей өсті. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев айтты.
Спикердің сөзінше, жүйе іске қосылғанға дейін КТ және МРТ секілді қымбат зерттеулер халықтың 8 әлеуметтік осал санатына ғана қолжетімді болған. Қазір бұл қызметтер сақтандырылған мәртебесі бар кез келген адамға көрсетіледі. Бүгінде облыста 23 компьютерлік томография аппараты, 12 МРТ аппараты жұмыс істейді.
 
– Ақылы қымбат тұратын медициналық көмектің көптеген түрлері қолжетімді болды. Мысалы, 2022 жылдың деректері бойынша жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қаржыландыру көлемі 519 361 мың теңгеден биыл 683 041 мың теңгеге өсіп отыр. Азаматтардың жекелеген санаттарына стоматологиялық көмек 2 582 541 мың теңгеден 4 224 408 теңгеге ұлғайды. Медициналық оңалту 6 018 621 мың теңгеден 6 859 196 мың теңгеге және консультациялық-диагностикалық көмек 7 579 848 теңгеден 1,7 есеге көбейіп 12 864 806 мың теңгені құрады, - деді, Асхат Асанұлы.
 
Мемлекеттік бағдарламасы аясында қазақстандықтардың денсаулығын сақтау мен аурулардың алдын алу, өмір сапасын жақсарту, өмір сүру жасының ұзақтығын арттыруға нақты басымдық беріліп отыр.
 
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей, ауру неғұрлым ертерек анықталса, соғұрлым құлан-таза айығып кетудің де мүмкіндігі көбірек. Әр адам ең алдымен өз денсаулығына өзі жауапты екенін естен шығармастан скринингтен уақытылы өту, жылжымалы медициналық кешен қызметіне жүгінуі, ауруларды басқару бағдарламасына қатысу, спортпен айналысу, зиянды әдеттерден аулақ болу, дұрыс тамақтану, дәрігерге дер кезінде қаралуы керек.
Қор филиалы өз тарапынан халық арасында МӘМС жүйесінің артықшылықтарын түсіндіру жұмысын күшейтуге, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін, МӘМС қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыратынын айтты. Сонымен қатар, тұрғындарды МӘМС аясында медициналық көмек алу үшін алдын ала «сақтандырылған» мәртебесін алуға шақырды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
14.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 73
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 74
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 319
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 542
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 490

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9194
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8592
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11820
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9589
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10803