ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ МАРАФОНЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ МАРАФОНЫ БАСТАЛДЫ
✔️«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында Мақтаарал ауданында тазалық іс-шарасын өткізу бойынша марафон басталды.
✔️Мырзакент кентінде бастау алған тазалық шарасына аудан әкімі Бақыт Асанов, аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаев, «Amanat» партиясының аудандық филиалының төрағасы Мұхтар Сәрсенов, аудан әкімінің орынбасарлары Бауыржан Шомпиев пен Серік Тұрсынқұловтар, барлық қоғамдық ұйымдардың басшылары мен мүшелері, мемлекеттік мекемелердің, кәсіпкерлік нысандардың ұжымдары және кенттің тұрғындары қатысты.
📌– Бұл іс-шараның мақсаты – тұрғындарымыздың экологиялық белсенділігін арттыру, табиғатты қорғауға қатысты жауапкершіліктерін күшейту және қоғамды тазалыққа шақыру. Марафон барысында әр кент пен округтің тұрғындары, мемлекеттік, жекеменшік мекемелердің қызметкерлері бірлесіп, сол аумақты қоқыстан тазартып, табиғатқа, туған жерге құрметпен қарау идеологиясы сіңіріледі, – деді Бақыт Насырханұлы.
✔️Марафон барысында 12 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылып, бұл қоқыстар аудан аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонға төгілді.
🔁Сонымен қатар шараға 5 техника мен 500-ден аса адам қатысты.
✔️Айта кетейік, Мырзакент кентінде бастау алған марафон басқа да кенттер мен округтерде жалғасын табады. Орталық тұрғындары тазалық бойынша челленджді Жаңажол ауылдық округінің тұрғындарына жолдап, баршаны тұрып жатқан өлкемізді таза ұстауға шақырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
18.02.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 320
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 165
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 466
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 313

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18231
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18091
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33279
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31829
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35535