ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 6 АЙДА ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 927,6 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ЖЕТІП, ӨСІМ БАЙҚАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 6 АЙДА ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 927,6 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ЖЕТІП, ӨСІМ БАЙҚАЛДЫ
2024 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өсім бар. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде айтылды. Өңір басшысы аудан, қала әкімдері мен жауапты басқармаларға инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды жандандыра түсу керектігін ескертті.
– Мемлекет басшысы биыл экономиканың 6% өсімін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Үкімет тарапынан арнайы жоспар түзіліп, негізгі көрсеткіштер бойынша жоспар айқындалған. Барлық аудан, қала әкімі мен басқарма басшылары өздеріне бекітілген индикаторларды орындауы тиіс. Бұл мәселені екі аптада бір рет тұрақты түрде талқылауды тапсырамын. Жұмысты жандандырыңызыдар. Бір ғана кәсіпорын немесе зауытқа қарап отыра беруге болмайды. Көрсеткіштер төмендеген аудан, қала басшыларының сылтаулары қабылданбайды. Жаңа кәсіпорындар ашу, инвестиция тарту бағытында жұмысты күшейтіңіздер, – деді Дархан Сатыбалды.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерінің биылғы жартыжылдық қорытындысын баяндады.
Биылғы І тоқсан қорытындысымен облыстың жалпы өңірлік өнім көлемі 927,6 млрд. теңгені құрап, өсім +3,7% деңгейінде қалыптасты. Ал жоғарыда аталған көрсеткіштер бойынша жедел мәліметтер негізінде өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда қысқа мерзімді экономикалық өсім 106,5%-ды құрады. 6% экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша тиісті салалық басқармалар мен департаменттерден Өңірлік жедел штаб құрылған. Үкіметпен айқындалған 6 ай жоспары бір-екі саладан басқа бағыттарда толық орындалды. Өнеркәсіп өнім көлемі 551,6 млрд. теңгені құрап, өсім 106,8% деңгейінде болды. Өнеркәсіп құрылымында негізгі үлес уран өндірісіне тиесілі. Саладағы өсім тау-кен өндірісінде – 103,1% (Созақ – 123,6%), тамақ өнімдері – 105,3% (Қазығұрт – 127,6%), жеңіл өнеркәсіп – 113,3% (Жетісай – 148,7%), құрылыс заттары – 108,2% (Түркістан – 119,9%), машина жасау – 119,2% (Ордабасы а/ш тракторын құрастыру – 2 есе), жиһаз – 2 есе (Түркістан – 2 есе) байқалды.
Құрылыс жұмыстары көлемі 181,1 млрд. теңгеге жетіп, 23,8%-ға артты. Өсім жекеменшік нысандардың құрылыс-монтаждау жұмыстары есебінен тіркеліп отыр (үлесі 99%). Құрылыс жұмыстарының негізгі үлесі Түркістан қаласы (55%) және Созақ (6,4%), Бәйдібек (5,5%) аудандарына тиесілі. Пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлер алаңы 20,2%-ға өсіп, 371 мың шаршы метрді құрады. Барлық аудан, қалада оң өсім қалыптасты.
Облыс әкімінің тапсырмасымен тоқсан сайын әлеуметтік-экономикалық даму индикаторлары бойынша рейтингтік бағалау жүргізілуде. Жалпы ІІ тоқсан қорытындысымен 36 индикатордың 32-не қол жеткізілді. Бағалау қорытындысымен Бәйдібек, Сауран, Шардара аудандары үздіктер қатарынан табылды.
Мәжілісте аудан, қала әкімдеріне және салалық басқарма басшыларына биылға межеленген жоспарға қол жеткізу мақсатында барлық тиісті шараны қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
23.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 56
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 112
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 26
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 60
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 59
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 112
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 144
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 147
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 135
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 142
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 149
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 143

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11274
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10210
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13456
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12410
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17418