ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 800 МЫҢ ТҰРҒЫНДЫ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТИТЫН «ҚЫЗЫЛӘСКЕР» СТАНЦИЯСЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 800 МЫҢ ТҰРҒЫНДЫ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТИТЫН «ҚЫЗЫЛӘСКЕР» СТАНЦИЯСЫ АШЫЛДЫ
Бүгін Түркістан облысы, Келес ауданында қуаты 220/110/10 кВ болатын өңірдегі ең үлкен «Қызыләскер» электр станциясы ашылды. Бұл стратегиялық нысанның іске қосылуы ұзақ жылдарға созылып, биыл жүзеге асып отыр. Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, көпшілікті тарихи сәтпен құттықтады.
– Алдымен баршаңызды өткен Тәуелсіздік күнімен және келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде энергетика қауіпсіздігін нығайту бағытында жұмысты күшейтуді тапсырған болатын. Жаңа электр станцияларын салу жөнінде тапсырма берілген. Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі. Облыста энергияны тұтыну қарқыны жылдан жылға артып келеді. Осы бағытта Түркістан облысында жұмыс жүріп жатыр. Соның бірі – бүгін іске қосылғалы тұрған 220 киловольттық «Қызыләскер» қосалқы станциясы. Бұған дейін облыстың оңтүстік бөлігінде осындай қуаттағы қосалқы станцияның болмауына байланысты электр қуаты нормативтік талаптарға сәйкес келмейтін әрі бағасы қымбат еді. Сондықтан берілетін электр қуатының сапасына кері әсерін тигізіп, электр желілеріндегі шығынын көбейтетін. Енді бұл мәселе шешіліп, 5 ауданның 800 мыңға жуық тұрғыны сапалы қуат көзімен қамтылатын болды. Бүгін «Қызыләскер» қосалқы станциясын іске қосып, алдағы жылдың қаңтар айында осы қосалқы станциядан қуат алатын 110 киловольттық 91 шақырым электр желісін іске қосамыз. Баршаңызды жаңа станцияның ашылуымен құттықтаймын. Өңіріміздің әлеуеті арта берсін! – деді облыс әкімі
Аталған электр станциясы арқылы 5 оңтүстік ауданның мәселесі шешіледі. Атап айтқанда: Келес, Мақтаарал, Сарыағаш, Жетісай және Шардара аудандарының 800 мыңға жуық халқын, әлеуметтік, шағын және орта бизнес нысандарын сапалы әрі үздіксіз электр қуатымен қамтуға мүмкіндік береді. «Электромонтаж АК» кәсіпорны Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі, Жаңа дауір елді мекенінде орналасқан.
«Қызыләскер» қосалқы станциясының құрылысына 7,2 млрд. теңге қаралып, жоспар жүзеге асып отыр. Сонымен бірге осы станциядан қуаты 110 кВт болатын 91 шақырым электр желісін салу құрылысына 1,8 млрд. теңге жоспарланған. Облыс аумағындағы елдімекендерді сапалы, тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етудегі іс-шара жоспарына сәйкес 200-ге жуық ауылды сапалы электр қуатымен толығымен қамту көзделген. 4 дана автотрансформатор орнатылған және Сарыағаш ауданында орналасқан «Жылға» қосалқы станциясынан «Қызыләскер» қосалқы станциясына дейін 72,2 шақырым электр желісі жүргізіліп, жұмыстар толығымен аяқталған. Нәтижесінде облыстың оңтүстік аймақтары, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы нысандары тұрақты және сапалы электр энергиясымен қамтылады.
Өңір басшысы Келес ауданындағы іссапар барысында Бірлік ауылдық округінде орналасқан «ТМ-строй21» ЖШС-нің өндіріс орнымен танысты. Мұнда пресс жіп пен құрылысқа қажетті темір тор өндіреді. Сонымен қатар мал бордақылаумен айналысады. Кәсіпорын 34 адамды жұмыспен қамтып отыр. Өңір басшысы аудан әкіміне ауылдарда осындай кәсіпорындарды ашуға қолдау көрсету, инвесторлар тарту жөнінде тапсырма берді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
21.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 66
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 176
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 180
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 397
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 360
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 977

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9056
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8452
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11680
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9443
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10660