ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АДАМ ПАПИЛЛОМА ВИРУСЫНА ҚАРСЫ 24 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЕКПЕ ЕГУ ЖОСПАРЛАНҒАН

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АДАМ ПАПИЛЛОМА ВИРУСЫНА ҚАРСЫ 24 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЕКПЕ ЕГУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Жатыр мойны обырының дамуы - әйелдің адам папиллома вирусын жұқтыруымен тікелей байланысты. Бұл туралы көптеген ғылыми дәлелдер бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 95% - дан астам жағдайда жатыр мойны обырын (ЖМО) адам папиллома вирусы (АПВ) тудырады. АПВ бар әйелдерде жатыр мойны обырының даму ықтималдығы вирус жоқ әйелдерге қарағанда 6 есе жоғары. Бүгінде елімізде осы вирустың алдын алу мақсатында вакцинациялау жұмыстары қолға алынуда. Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап 11-14 жас аралығындағы қыздарға ата-анасының рұқсатымен екпе жұмыстары жүргізілмек. Бұл жайында облыстық денсаулық сақтау басқармасының адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау бойынша тренер – координаторы Замира Өтегенова брифингте мәлімдеді.
«Екпе мақсаты - адам папилломасы вирусымен байланысты өзге де қатерлі ісіктердің жиілігін төмендету. Екпенің денсаулыққа ешқандай кері әсері жоқ, қауіпсіз. Республикамызда 4 валентті «Гардасил» вакцинасын қолдану көзделіп отыр. Вакцина тегін негізде білім беру ұйымдарының егу кабинеттерінде жүргізіледі. Облыс бойынша 24 мыңға жуық қыз балаға егу жоспарланған»- деді спикер.
«АПВ вирусы адамнан адамға тұрмыстық жанасу, жыныс жолдармен, тікелей жолмен туу кезінде беріледі. Вирусқа қарсы екпе дельта тәрізді иық бұлшықет ішіне енгізіледі. Вакцинацияға қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі» - деп мәлімдеді Бахтыораз Мизамұлы.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
12.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 246
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 242
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 744
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 867
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 780

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8938
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8332
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11560
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9316
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10543