ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫЖАЙЛАРҒА 600 МЛН ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ СУБСИДИЯ ТӨЛЕНДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫЖАЙЛАРҒА 600 МЛН ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ СУБСИДИЯ ТӨЛЕНДІ
Бүгінде Түркістан облысында 1 640 гектарды құрайтын 3 366 бірлік жылыжай бар. Оның ішінде 87,2 гектары - өнеркәсіптік жылыжай. Түркістан өңірі - жылыжай шаруашылығын дамытуда еліміздегі аймақ.
 
-Биыл жылыжайларда 681,5 гектарға - қияр, 792,8 гектарға - қызанақ, 154,6 гектарға - басқа дақылдар және 4,4 гектарға - көшет, 3,6 гектарға - лимон, 3,1 гектарға - гүл егілген. Жалпы облыстағы жылыжай шаруашылықтарынан 140 мың тонна өнім жиналған. Қазіргі таңда, 2024 жылдың бірінші айналымына көшет отырғызу жұмыстары атқарылуда.
Сонымен қатар, жылыжай шаруашылықтарын қолдау мақсатында облыстық бюджеттен 565 млн. теңгеге 100-ден астам өтінімге субсидия төленді, - деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы.
Бұдан бөлек, 2024 жылдан бастап Түркістан облысының жылыжай шаруашылықтарына қосымша 150 мың тонна көмір жеткізілмек.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
23.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1104
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7151
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11002
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7214
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7359