ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ТҰҚЫМБАҚТАР ӨҢІРДІ КӨШЕТПЕН ҚАМТУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ТҰҚЫМБАҚТАР ӨҢІРДІ КӨШЕТПЕН ҚАМТУДА
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс аумағында заманауи тұқымбақ ашуды тапсырған болатын. Осы бағытта өңірде тиісті жұмыстар атқарылуда. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тұрақты 2 тұқымбақ бар. 240 гектар аумақты алып жатқан бұл бақтарда 25-ке жуық әртүрлі ағаш-көшеттері өндіріліп жатыр. Атап айтсақ, қылқан жапырақты 6 түр, жапырақты 11 түр және бұта тектес ағаштардың 6 түрі өсірілуде. Қазіргі таңда тұқымбақта барлығы 5,7 миллионнан астам ағаш-бұта көшеті өсіріліп жатыр.
Заманауи тұқымбақта 576,0 м2 жерге жылыжай орнатылды. Жылыжайдың мақсаты – сирек кездесетін сәндік ағаштар өсіру. Тұқымбақты дамыту мақсатында сеппе бөлімшесіне ағаш-бұта өсімдіктер тұқымынан 11 түрінен 4993 кг тұқым себу жұмыстары жоспарланып, көктем, жаз мезгілінде ағаш тұқымдарының пісіп-жетілуіне байланысты 2200 кг тұқым жиналып, орман тұқымбағына себілді.
Биылғы көктем мезгілінде жасыл белдеу аумағындағы орман екпелерін толықтыруға орман тұқымбағынан 760 мың дана әртүрлі ағаш көшеті қазылып, толықтыруға әр орманшылыққа жіберілді. Қала, аудан орталықтарын көгалдандыру мақсатында биылғы көктем мезгілінде 2 қала, 15 аудан орталқатарына жалпы 411 мыңнан аса әртүрлі ағаш көшеттері берілді және күз мезгілінде 34200 әртүрлі ағаш көшеті орман тұқымбағынан тарқатылды.
Бұдан бөлек биыл көктем мезгілінде орман тұқымбағынан жалпы 64198 дана әртүрлі ағаш көшеті берілген.
Айта кетсек, облыс көлемінде орман тұқымбақтарының көлемі 253 гектар. Оның 14-і типтік заманауи питомниктерде (оның ішінде 10 жылыжай) орналасқан. Мәдени орман алқабына егілетін көшеттер дайындауға аумағы 350 га құрайтын 10 уақытша тұқымбақта 35 миллионнан астам ағаш көшеті өсірілуде. Көшеттер санын 50-60 миллионға жеткізу жоспарланып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
10.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

АЭС-тің болашаққа қосар үлесі мол
Сарысу ауданы әкімдігің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлбике Салимова - 17.09.2024 91
Атом – энергия қауіпсіздігінің кепілі
Сарысу аудандық жастар орталығының басшысы Асылжан Шуақбайұлы - 17.09.2024 84
АЭС-тің артықшылығы басым
Светлана Кужаназарова, Сарысу аудандық этно мәдени «Әулие – Ата» жетекшісі - 17.09.2024 85
АЭС - жарқын болашақ кепілі
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Асан Тлемисов - 17.09.2024 95
Өмір – өнер болғанда, өнер – өлшем.
АСҚАР СҮЛЕЙМЕНОВ - 17.09.2024 39
Алтын Орданы құлатқан Ақсақтың хаты
Ұларбек Дәлейұлының facebook парақшасынан - 17.09.2024 65
ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 15.09.2024 177
Сыбайлас жемқорлық
Бибітгүл Аманжоловна - 13.09.2024 283
ҚАЗАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ
Асқар Жұмаділдаев - 13.09.2024 301

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4687
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 4134
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 6655
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 5092
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 6297