ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ДАРХАН САТЫБАЛДЫ САУРАНДЫҚ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ДАРХАН САТЫБАЛДЫ САУРАНДЫҚ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Тұрғындарға қолайлы болу үшін облыс әкімінің тарапынан Түркістан қаласында және аудан, қалаларда тұрақты түрде жеке қабылдау өткізіліп келеді. «Ашық есік» күні бірыңғай қабылдауын бұл жолы Сауран ауданында жалғастырған өңір басшысы Дархан Сатыбалды саурандық тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады. Аймақ басшысы сауалдарды сала мамандары мұқият зерделеп, заң шеңберінде шешім қабылданатынын айтты. Көтерілген мәселелердің оңтайлы шешілуін қадағалау үшін жауапты басқарма басшыларына нақты міндеттер жүктеді.
Қабылдауға құқық қорғау органдарының және облыстық басқарма басшылары мен өкілдері қатысып, мәселелердің оңтайлы шешілуіне атсалысты. Облыс әкімі әрбір айтылған мәселе бойынша шешімнің заңды жолдарын түсіндірді. Шешу жолдары қарастырылды.
Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшу мен кері байланысты нығайту бойынша тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында әкімдік тұрақты негізде тұрғындармен кездесулер өткізеді.
– Жүзбе-жүз кездесулер жұмыстың тиімділігін арттыратыны сөзсіз. Азаматтарды қабылдау тұрғындардың жекелеген мәселелерін шешумен ғана шектелмей, өңір дамуына септігін тигізетін ұсыныстар айтылады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Көптеген мәселелер осы жерде-ақ шешімін тауып жатады. Көтерілген мәселелер кезең кезеңімен өз шешімін табуда. Кейбіреулері уақытты талап етеді, бірақ міндетті түрде шешілетін болады. Әртүрлі кедергілер мен бюрократтық көріністерді мүмкіндігінше азайтатын мұндай қоғамдық қабылдаулар жиі өткізіледі, – деген облыс әкімі Дархан Сатыбалды тиісті сала басшыларына тапсырма берді.
Қабылдауға жазылған азаматтарды электр энергиясының жеткіліксіздігі, 2,5 % пайызбен несие алу мәселесі, ауыл шаруашылығы субсидияларын заңсыз иемдену, заңсыз жер саудасы және арызданған азаматтарды бопсалау әрекеттері, білім саласы, су қоймасын салу мәселесі және тағы басқа мәселелер толғандырады. Қарашық елді мекенінің тұрғыны Қарашық ауылынан Индустариалды аймақ ашуға мемлекеттен қолдау көрсетуді сұрады.
Айта кетейік, жыл басынан бері азаматтарға облыс әкімі тарапынан жалпы 50-ден астам жеке қабылдау өткізілді. 403 азамат қабылдауға келіп, олардың тарапынан 621 өтініш пен ұсыныс-пікірлер айтылған. Соның негізінде 675 хаттамалық тапсырма берілді. Нәтижесінде, туындаған мәселелердің басым көпшілігі тиісті мамандар арқылы заң аясында шешімін тауып келеді.
Túrkistan oblysynyń ákimdigi
20.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 66
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 176
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 180
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 397
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 360
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 977

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9055
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8451
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11679
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9442
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10659