ТҮРКІСТАН: САРҚЫНДЫСЫ ТАБИҒАТТЫ ЛАСТАП ЖАТҚАН МОНШАЛАР РЕТТЕЛЕДІ

ТҮРКІСТАН: САРҚЫНДЫСЫ ТАБИҒАТТЫ ЛАСТАП ЖАТҚАН МОНШАЛАР РЕТТЕЛЕДІ
Түркістан облысындағы сарқындысы ашық жерге ағып, кір-қоңның суы табиғатты ластап жатқан моншалар жаппай тексеріледі. Осыған орай облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жұмыс тобы құрылды. Талап бір - қоғамдық моншалардың қожайындары кәріз жүйелерін ретке келтірулері керек. Мәселенің мән-жайы облыс әкімінің төрағалығымен өткен апталық мәжілісте қаралды. Дархан Сатыбалды жыл соңына дейін барлық моншаларды заң талаптарына сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізуді жүктеді. Және моншадан шыққан сарқынды сулардың көлеміне қарай модульді тазартқыш қондырғылары орнатылуы тиіс.
ЭжТҮКШ басқармасының басшысы Руслан Мұздыбековтың баяндауынша, Түркістан облысының аумағында 41 емдік-ыстық су ұңғымаларына қосылған, яғни жер астынан шығатын ыстық судың үстіне кәсіпкерлер 69 жеке меншіктегі монша салған. Олардың ең көбі Отырар мен Келес, Сарыағаш және Ордабасы аудандарында орналасқан. Оның ішінде 16 монша кәріз жүйелеріне қосылған, 23 моншаның сарқынды сулары талапқа сәйкес емес септикке төгілуде. Кей моншалар Экология департаментінің рұқсатынсыз жұмыс жасауда.
Қалған 30 моншадан шыққан сарқынды сулар тікелей жер бедеріне ашық күйде төгілуде. Яғни, термалды судан пайда тауып жатқандар лас суды сүзгіден өткізетін қондырғы орнатпаған. Шайынды кәріз жүйесіне емес, далаға ағып жатыр. Жайылымға жеткен сабынды су малға, қоршаған ортаға және егістік алқаптарға зиян келтіруде. Бизнес өкілдеріне экологтар ескерту жасап, сүзгі орнатуды жүктеген. Алайда нәтиже жоқ.
- Жер астынан шыққан ыстық суды пайдаланып жатқан монша қожайындары жылына орта есеппен 100 млн теңгеге дейін табыс табады екен. Моншалардың әрқайсысынан тәулігіне 30-40 м3 шыққан сарқынды сулар арнайы септикке төгілмей, елді мекеннің маңындағы жергілікті жер бедеріне тікелей төгіліп, үлкен көлемде жиналуда. Экология департаментімен зерделеу жұмыстары жүргізіліп, қорытындысымен моншалардың иелеріне тазартылмаған сарқынды суларды жергілікті жер бедеріне төгуге тыйым салынғандығы жөнінде хабарлама беріліп, сотқа жолданған. Қазіргі таңда қаралуда,- деді басқарма басшысы.
Орталықтандырылған кәріз жүйелері болмаған жағдайда, жеке кәсіпкерлерге өз қаражаты есебінен талапқа сәйкес септиктер салу қажет. Кір-қоңның суы мерзімінде арнайы техникамен тасымалдап, рұқсат етілген орындарға төгу қажет. Монша қожайындарына кәріз-тазартқыш қондырғысын салу бойынша ұсыныс беріледі. Оларға «ҚР Экология кодексіне» сәйкес, моншаларды талапқа сәйкестендіру бойынша хабарлама беріледі. Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында локалды кәріз-тазартқыш имаратын салу бойынша ұсыныс бар.
- Бұл проблема жылдар бойы шешімін таппай келе жатыр. Ешқашан қолға алынбаған. Тексерулерден еш нәтиже жоқ. Сондықтан бұл мәселе біржолата шешілеуі тиіс. Өңірдегі көптеген моншалар Экология департаментінің рұқсатынсыз жұмыс жасауда, сондай-ақ кәріз жүйесіне қосылмаған. Аталған кемшіліктерді монша иелері өз қаражаты есебінен жойып, санитарлық нормаларына келтіру қажет. Осы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырамын. Кәріз жүйелеріне қосылмаған моншаларға Экология департаментімен бірлесіп, заң аясында тиісті шаралар қабылдансын. Жыл соңына дейін барлық моншаларды заң талаптарына сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізілсін. Моншадан шыққан сарқынды сулардың көлеміне қарай модульді тазартқыш қондырғылары орнатылсын,-деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
28.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 137
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 57
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 174
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 171
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 137
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 282
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 284
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 500
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 458

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9155
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8554
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11781
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9549
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10762