ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ МҮМКІНДІКТІ ТОЛЫҚ ПАЙДАЛАНҒАН ЖӨН

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ МҮМКІНДІКТІ ТОЛЫҚ ПАЙДАЛАНҒАН ЖӨН
Сарыағашта кәсіпкерлікті, туризмді және ауыл шаруашылығын дамыту жұмыстарына басымдық беріледі. Ол үшін жергілікті басшылардың сергектігі, басқарма басшыларының қайраткерлігі қажет. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданын дамыту жөніндегі актив отырысында жауаптыларға маңызды міндеттер жүктеді. Немқұрайлылыққа салынбай, жұмысты сапалы, жылдам атқаруды тапсырды. Шекаралас аймақтағы ауданның әлеуеті бұдан да мықты болу керек екенін жеткізді.
– Биыл алғашқы жартыжылдықта ауданға келіп, өздеріңізбен жүздескен болатынбыз. Сол кезде Сарыағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының барысымен танысып, аудандағы кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар берілген еді. Бүгін осы атқарылған жұмыстарды қорытындылау үшін қайта жиналып отырмыз. Биыл 10 айдың қорытындысымен аудан бойынша бірқатар көрсеткіш орындалмаған. Жыл соңына дейін барлық жоспарланған көрсеткіштерді орындаңыздар. Өнеркәсіп саласында жаңа кәсіпорындар, жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығы, жылыжайларды дамыту жұмыстарын ширатыңыздар. Жастардың арасында жұмыссыздықты жоюға ерекше көңіл бөлу қажет. Тұрғындарды сапалы инфрақұрылыммен қамту жұмыстары күшейтілсін. Сарыағаш – туризмді дамытуға өте қолайлы аймақ. Мұндағы шипажайлар, минералды су бүкіл Қазақстанға әйгілі. Туризм саласы – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер тигізетіні сөзсіз. Сондықтан, Денсаулық сақтау, Мәдениет және туризм басқармаларымен бірлесе отырып, туризмді дамыту үшін қолайлы жағдай жасау қажет. Осы мәселені жеке бақылауыңызға алып, қысқа мерзімде оң шешім шығарыңыз, – деген Дархан Сатыбалды аудан әкіміне нақты тапсырмалар берді.
Мәжілісте Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев баяндама жасаса, Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов аудандағы жұмыстарды зерделеу нәтижесі бойынша ой қозғады.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі биыл 11 айдың қорытындысымен 25 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 8 пайызға төмен орындалған. Жыл соңына дейін молайту тапсырылды. Туризм саласына инвестиция тарту жұмыстарын да ширату керек. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 119 млрд. теңге болды. Мәжілісте облыс әкімі ауданның әлеуеті мен мүмкіндігі бұдан да жоғары екенін айта келе, барлық салада жұмысты жандандыруды тапсырды. Көшелерді қоқыстан тазарту, көгалдандыру, абаттандыру мәселелері де көтеріліп, ұсыныстар берілді.
Айта кетейік, облыс әкімі Дархан Сатыбалды халықпен кездесулерден бөлек, әр жартыжылдық сайын аудан, қалаларға барып, мәжіліс өткізіп келеді. Нысандарды аралап, тұрғындарды қабылдауда. Бұның бәрі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жүзеге асуда. Осы іссапарлар, қабылдаулар нәтижесінде шалғайдағы ауыл тұрғындарының мәселелері шешімін табуда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
23.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 66
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 176
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 180
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 397
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 360
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 977

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9055
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8451
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11679
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9442
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10659