ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАРДЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБУЫ ТИІС

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАРДЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБУЫ ТИІС
Бүгін Түркістан облысының «Ашық әкімдік» кеңсесінде кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев өңір тұрғындарының арыз-өтініштерін тыңдады. Қабылдауға жазылған 10 азамат маңызды мәселелер жөнінде талап-тілектерін жеткізді.
Әкім орынбасарымен бетпе-бет кездесуге Ордабасы, Сайрам, Отырар, Созақ, Жетісай аудандары мен Түркістан қаласының тұрғындары арнайы келді. Шағымдар мен ұсыныстардың басым бөлігі: білім, мәдениет, және ақпараттық салаларға қатысты болды. Атап айтқанда, мектептерді күрделі жөндеуден өткізу, жаңа білім нысандарын салу, мекемелерге басшы тағайындау, мәдениет үйлерін жөндеу бойынша қаржыландыру, негізсіз жұмыстан босату жөнінде талаптар зерделеніп, сондай-ақ пилоттық жобалар ұсынылды.
Азаматтармен кездесуге облыс әкімдігіне қарасты жауапты басқарма басшылары мен орынбасарлары, аудан, қала әкімінің орынбасарлары шақырылып, көтерілген проблемалар мен туындаған сұрақтар қаралды. Талқылай келе, Бейсен Дәулетұлы мұң-мұқтажын жеткізген тұрғындардың өтініштерін қайта сараптап, жауап жолдауды тапсырды.
— Мен ай сайын облыс тұрғындарының талап-арызына құлақ түру үшін қоғамдық қабылдауды тұрақты түрде өткіземін. Бүгін де жетекшілігімдегі салалар аясында арыз-талаптарды қарадық. Қабылдауға келгендердің бірі ауылдың проблемасын арқалап келсе, енді бірі жеке мәселесінің шешілуін сұрайды. Көп жағдайда белсенді азаматтарымыз өзекті әрі күрделі түйткілдерді қозғап, халық мүддесі үшін шырылдап, алаңдайды. Оларды мұқият тыңдап, мемлекеттік органдардың ресми жауабына сүйене отырып, заң аясында қарастыруға қаншалықты мүмкіндік бар екенін анықтадық, - деді Б.Тәжібаев.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
23.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 66
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 66
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 315
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 316
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 538
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 486

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9190
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8588
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11816
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9585
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10799