ТҮРКІСТАН: «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» АТАНҒАН ӨҢІРГЕ ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН САЛЫНАДЫ

ТҮРКІСТАН: «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» АТАНҒАН ӨҢІРГЕ ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН САЛЫНАДЫ
 
Түркістан облысында 1-наурыздан бастап «Үлгілі ауыл» облыстық байқауы басталған болатын. Аймақтарды көгалдандыру, абаттандыру және қоқыстан тазарту жұмыстарын іске асыру - байқаудың негізгі бағыттарының бірі. Сондай-ақ, демографиялық көрсеткіштің артуы, ауыл қариялары мен жастардың байланысы бағаланады. Бас жүлдеге ие болған ауылға бюджет есебінен 1 әлеуметтік нысан салуға арнайы қаражат бөлінеді. Бұл жайында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысының орынбасары Болат Жанәбіл мәлімдеді.
- «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы облысымызда өтіп жатқан «Үлгілі ауыл» жобасына да серпін берді. Өңірдегі елді мекендерде адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы ортаны қалыптастыру, жергілікті тұрғындардың мәдениеттілігін арттырып, туған жерге жанашырлықпен қарауға тәрбиелейтін жобаның берері мол. «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында облыс көлемінде ардагерлердің ауласын тазалау, қарттар үйлерінде абаттандыру жұмыстары жүргізіледі» - деді Болат Серікұлы. Сондай-ақ, брифингте «Таза Қазақстан» акциясының өткен 3-аптасында атқарылған жұмыстар жөнінде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Тайшыман Дәулетқұл баяндады. Бүгінгі күнге дейін, «Таза өлке», «Киелі Мекен», «Жасыл аймақ» апталықтарына 352 мыңға жуық адам атсалысқан. «Таза өлке» науқанында 4 352 шақырым көше бойлары және 120 мың шақырым аяқжолдар тазаланды. Бұдан бөлек, 608 шақырым өзен, көпір, канал бойлары және 1 380 көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары тазаланды. Жалпы 1 225 тонна қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстарға 14 571 адам, 692 техника тартылған. Ал «Киелі мекен» апталығында 226 ауқымды іс-шаралар өткізіліп, тарихи-мәдени орындар тазартылды. Аталған жұмыстарға облыс көлемінде 22 251 адам, 496 техника тартылып, 1 410 тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, «Жасыл аймақ» науқанында 153 мыңнан аса ағаш егіліп, 175 мыңға жуық тал түптері әктелді. Бұдан өзге, 346 саябақ-скверлер, 731 балалар ойын алаңшалары тазартылды. Жалпы жұмыстарға 22 мыңнан аса адам, 477 техника тартылып, 983 тонна қоқыс шығарылды, - деді Тайшыман Әлімханұлы.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
04.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 41
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 121
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 35
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 121
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 313
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 307
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 930

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9003
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8398
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11624
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9381
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10607