ТҮРКІСТАН: ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДА СЕРПІЛІС БАР

ТҮРКІСТАН: ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДА СЕРПІЛІС БАР
Түркістанда ветеринария саласы өкілдері мен мамандарының қатысуымен жиын өтті. Мақсат – 2023 жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, биылғы жылға жоспарды нақтылау. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы төрағалық етіп, саладағы атқарылған жұмыстарға тоқталды.
– Мемлекет басшысының ветеринария саласын жетілдіру, ветеринар мамандардың еңбекақысын ұлғайту тапсырмасына сәйкес былтыр мамандардың жалақысы 35-50%-ға көтерілді. Ауыл шаруашылығы жануарларына 16 түрлі аса қауіпті ауруларға қарсы 29,5 млн. доза вакцина егу жоспарланып, жоспар толығымен (100%) орындалды. Ауыл шаруашылығы дамыған өңіріміз үшін ветеринарияның маңызы зор. Осы сала өкілдеріне артылар жүк жеңіл емес. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ғани Құрманбайдың есебі тыңдалды.
Облыста жергілікті бюджеттен энзоотиялық
аурулардың алдын алуға қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алуға 410,3 млн. теңге, іс-шараларды атқаруға 482,6 млн. теңге бөлінген. Бұл іс-шараларды атқаруға кәсіпорыннан 1552 қызметкер жұмылдырылып, мамандар арнайы қорғаныс киімдермен қамтамасыз етілді (1552 дана арнайы киім, резенке етік, 9312 дана респиратор, 3104 дана көзілдірік, 7 760 дана қолғап), сондай-ақ, 17 дана сәйкестендірілген ДУК автокөліктерімен, 17 дана ранцтік аппарат, 17 дана мотопомпалармен қамтылды.
Екі кезеңінде 3056,5 мың бас ірі мал бүркілсе, 9773,7 мың бас ұсақ малды тоғыту, 74,2 млн шаршы метр қора жайлар мен жапсарлас аумақты, 29,2 млн мал иірімдері, суаттар мен бұталарды залалсыздандырған.
Дегенмен адамдарды кене шағу жағдайы бойынша 2022 жылы 1 530 адам қаралса, 2023 жылы 1 623 адам тіркеліп, 2022 жылмен салыстырғанда 93 адамға артқан.
Құтыру ауруының алдын алу және таралу жолдарын болдырмау мақсатында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға 17 бригада, 24 аңшы жұмылдырылды. Тиісті жұмыстар атқарылды.
2023 жылғы 1 қыркүйегінен бастап, үй жануарларын есепке алу «Таңба» дерекқор базасына иелері бар үй жануарларын тіркеуге қою жұмыстары басталып, оның 7758 ит-мысық чиптеліп, «Таңба» дерекқор базасына енгізіліп, есепке алынды.
359,2 мың бас ірі қара, 1805,2 мың бас ұсақ мал, 97,2 мың бас жылқы, 7 мың бас түйе және 2822 бас шошқа бірдейлендіріліп, дерекқор базасына енгізілді. Өңірдегі 832 елді мекен бойынша 2024 жылы мал өлексесін тастайтын 163 орын, 44 дана «Беккари» шұңқыры, 316 дана ұсақ малды шомылдыратын орындар бар.
Жиын соңында ветеринария бойынша әр аудан, қаладағы кемшіліктер талданып, жұмысты ширату жөнінде тапсырмалар берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
22.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 143
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 138
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 143
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 330
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 323
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 946

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9020
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8416
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11643
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9399
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10626