ТҮРКІСТАН: «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2023» ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2023» ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан облысының білім басқармасының мәжіліс залында «WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII республикалық чемпионатында жеңіске жеткен жеңімпаз студенттер мен жүлдегерлерді дайындаған жетекшілерін облыс әкімінің орынбасары Бейсен Дәулетұлы құттықтап, облыс әкімі атынан ақшалай сыйлықтар табыс етті.
Тарқатып айтар болсақ, чемпионат барысында ерекше медальон алған 9 студентке 50 мың теңгеден берілсе, 6 жеңімпаз бен күміс, қола медаль иегерлеріне 100 мың теңгеден табысталды.
Айта кетейік, 2023 жылғы 24-28 сәуір күндері өңірімізде «Worldskills turkіstan-2023» облыстық чемпионаты өткізілген болатын. Облыстық чемпионат 8 колледждің базасында өтті. Оған 33 құзыреттілік бойынша 36 колледжен 214 конкурсант (студент) және 209 жетекші мен сарапшы қатысқан. Сонымен қатар биыл алғаш рет ерекше білім беруді қажет ететін балалар арасында «Abilympics Turkistan» чемпионаты ұйымдастырылған.
Аталған чемпионатта Кентау қаласында орналасқан арнаулы кәсіптік колледжінің студенттері «Сән технологиясы», «Графикалық дизайн технологиясы» құзыреттіліктері бойынша бақтарын сынаған. Жалпы облыстық чемпионаттың қорытындысымен 34 алтын, 19 күміс, 26 қола, 37 айрықша медальонын алып республикалық «WorldSkills Kazakhstan 2023» сайысына жолдама алған.
Түркістан облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары «WorldSkills Kazakhstan 2023» чемпионатына 29 құзыреттілік бойынша қатысып, бағын сынады. Нәтижесінде өңір студенттері 2 алтын, 3 күміс, 1 қола және 9 ерекше медальонға ие болды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
09.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 16
ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 46
ТҮРКІСТАН: «ЖЕТІСАЙ» КОМАНДАСЫ ТУРНИР КЕСТЕСІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 29
МАҚТААРАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 54

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1203
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7248
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11114
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7313
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7459