ТҮРКІСТАН: ЖАСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРМЕН ҚАМТЫЛУ КӨРСЕТКІШІ ҰЛҒАЙДЫ

ТҮРКІСТАН: ЖАСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРМЕН ҚАМТЫЛУ КӨРСЕТКІШІ ҰЛҒАЙДЫ

Түркістан облысында өңір басшысының тапсырмасымен жастар саясатын жүргізу, жастарға қолдау көрсету жұмыстары жаңаша форматқа көшіп, жұмыс тәсілі өзгертілген. Бұл әрекеттер өз жемісін беруде. Өңірде 14-35 жас аралығындағы жастар саны – 654 353 немесе халық санының 30%-ын құрап отыр. Оларға жан-жақты қолдау көрсету, жастар саясаты саласындағы жұмыстарды жандандыру – уақыт талабы. Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулу, NEET санатындағылар үлесін төмендету, сондай-ақ ауылдағы жас буынды қолдау қарастырылған. Бұл мәселе облыс әкімдігінің апталық мәжілісінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аталған саладағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

– Ауқымды іс-шараларды облыс орталығында ғана емес, шалғай аудандарда, елді мекендерде де тұрақты өткізу керек. Жастар арасындағы өзекті мәселелерді жедел анықтап, алдын алу және профилактикалық жұмыстарды жандандырыңыздар. Екіншіден, колледждерге бөлінген мемлекеттік грант иегерлері талапқа сай білім алып, мамандыққа ие болулары керек. Оқу барысын қатаң қадағалаңыздар. Жастарды жан-жақты қолдау жалғасады, – деді облыс әкімі.

Мәжілісте Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Ахымбетов осы салада атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Бұрын «Жастар ресурстық орталықтарының» жұмысында іс-шаралық формат басымдыққа ие болса, қазір орталық қызметкелері елді мекендер мен қалаларды аралап, замандастарымен етене жұмыс жүргізуде. 2023 жылы NEET санатындағы жастар үлесін азайту мақсатында 12 мемлекеттік бағдарлама аясында 38 757 жасты жұмыспен және оқу гранттарымен қамту жоспарланған болатын. Бүгінгі күнге дейін мемлекеттік бағдарламаларға жалпы 31236 жас тартылған.

2023 жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасын» жүзеге асыру мақсатында 33 252 (46,1%) жас жұмыспен қамтуға жолданды. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 10 016 (47,5%) адам жолданып, жұмыспен қамтылды. Биыл «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы мемлекеттік бағдарламасы бойынша 1989 өренге жұмыс орны бөлінген. Есептік кезеңге сәйкес, бағдарлама бойынша 955 жас қамтылған.

«Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасына республикаға 3653 грант берілген болатын, соның ішінде қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша аудан, қаладан 864 талапкер жіберілді. Бұл бағытта да жұмыс жалғасып жатыр.

Түркістан облысының «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жастарға арналған жеңілдетілген шағын 2,5% несие беру бойынша 2023 жылы 594 жасқа несие беру жоспарланып отыр, жалпы қаражат көлемі – 2 млрд. 970 млн. теңге. Қазіргі таңда, облыс көлемінде аудан, қалалық «Жастар ресурстық орталықтарына» бекітінген апталық жоспарға сәйкес 2,5 пайыздық шағын несие бойынша 325 кездесу және ашық есік күні өткізілген. Бүгінгі күнге дейін несие бойынша 648 өтінім беріліп, 407 өтінім комиссия мүшелерінен өтіп, оның ішінде 172 жас несие алған.

Жастар арасында келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу мақсатында кездесулер, семинар-тренингтер тұрақты өтуде. Талантты жастарды қолдау және жастарды жан-жақты дамыту бағытында облыс көлемінде бүгінгі күнге дейін 1958 іс-шара өткізіліп, 130 678 жас қамтылды. «Өз кәсібіңді аш» атты тақырыбында TEDx форматында жастарды кәсіпкерлікке ынталандыруға бағытталған экскурсиялар, танымал кәсіпкерлермен кездесулер өткізіліп жатыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
08.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 131
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 169
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 165
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 44
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 131
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 275
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 279
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 493
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 451

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9150
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8548
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11776
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9543
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10756