ТҮРКІСТАН: ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕРДЕГІ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫ БАҚЫЛАУДА

ТҮРКІСТАН: ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕРДЕГІ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫ БАҚЫЛАУДА
Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов айтты.
Спикердің сөзінше, Түркістан облысында жалпы 23 балаларды сауықтыру нысаны бар. Оның ішінде мемлекеттік нысандар - 11, жеке нысандар - 12. Ал Төлеби ауданындағы «Балдәурен» республикалық балалар сауықтыру орталығы жыл бойы қызмет атқарады. Қалған 22 сауықтыру объектісі маусымдық режимде жұмыс істейді.
– Балаларды жазғы сауықтыру лагерьлерінің қызметі ҚР Денсаулық сақтау министрінің бекіткен бұйрық талаптарына сәйкес ұйымдастырылуы тиіс. Осы ретте сауықтыру қызметін бастау үшін нысан бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алынуы керек. Биыл өңірде 11 сауықтыру лагері санитариялық-эпидемиологиялық сәйкестігі туралы қорытынды алды. Оның 10-ы өз қызметін бастаған. Ал, Түлкібас ауданындағы «Ерке» және «Машат-Арасан» лагерьлеріне санитариялық қағидалар сақталмауы және зертханалық зерттеу хаттамаларының толық болмауына байланысты дәлелді бас тарту берілген. 5 лагерьге қатысты өтініш тексерілу үстінде. 5 лагерьден СЭҚ алуға өтініш мүлде түспеген, - деді Асқар Бекболатұлы.
Айта кетерлігі, өткен жылы 7 лагерьге ерекше тәртіппен тексеру жүргізілген. Нәтижесінде, лагерьдегі ойын алаңдары мен арық-атыздардың қоқыстары жиналмағандығы, ауызсу режимі талапқа сай болмауы сынды кемшіліктер анықталған. 7 жеке тұлғаға жалпы суммасы 321 615 теңге, 1 заңды тұлғаға 352 245 теңге айыппұл салынған.
Брифинг соңында спикер лагерьлердің сапасына қатысты мерзімі көрсетілмеген бейнежазбалар лагерьді тексеруге негіз бола алмайтындығын ескертті. Ол үшін шағым иесі аудандық басқармаға немесе электрондық үкімет порталы арқылы барлық фактілерді тіркеп, жазбаша арыз қалдыруы тиіс. Бұдан соң департамент тарапынан тиісті органдарға, яғни құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Түркістан облысы бойынша басқармасына тексеру туралы ұсыныс беріледі. Аталған мекеме тексеріс ашуға болатындығы жөнінде рұқсат бергенде ғана тексеріс жүргізіледі.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
15.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 73
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 74
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 319
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 542
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 490

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9194
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8592
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11820
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9589
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10803