ТҮРКІСТАН: ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНҒАНДАРҒА 19 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНҒАНДАРҒА 19 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Жыл басынан бері Түркістан облысы аумағында жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 11 дерегі анықталған. Ал облыстың барлық аудан, қалаларында жалпы 272 рейдтік жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде 218 жүк көлігі айыптұраққа қойылып,
19 110 900 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен Түркістан облысы аумағындағы жер қойнауын пайдану мәселелері бойынша мәжілісте мәлім болды.
Жиынға Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Жер қатынастары басқармасы мен Облыстық полиция департаменті, Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы және облыс бойынша Экология департаментінің басшылық құрамы қатысты. Сондай-ақ аудан қала әкімдерінің салаға жауапты орынбасарлары онлайн байланыс арқылы қатысты.
Жалпы облыс аумағында жер қойнауын заңсыз қазып жатқандарға қарсы күрес қарқынды жүргізілуде. Осы мақсатта биыл 28 мамырда «Түркістан облысы аумағында заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу бойынша атқарылатын іс-шаралар жоспары» бекітілген. Іс-шара жоспары аясында тұрақты түрде жұмыстар атқарылып келеді.
2023 жылы маркшейдер маманымен облыстағы 100 жер қойнауын пайдаланушының өндіру аумақтарына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жалпы 63 кен аумағынан кемшілік анықталып, кен орындары аумақтарынан тыс қазылғаны белгілі болған.
Қазақстан Республикасының Бас прокурорының «Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі» жүргізу туралы бұйрығына сәйкес, Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушылармен кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осы ретте, 14 жер қойнауын пайдаланушы облыстық бюджетке 9.2 млн. теңге өтеді және жер қойнауын өндіру аумақтарынан тыс қазылған аумақтарды қайта қалпына келтіру бойынша кепілхат берді.
Ал маркешейдер қорытындысымен келіспеген жер қойнауын пайдалануышы компаниялардан келтірілген залал шығындарын сот арқылы өндірту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда, 32 жер қойнауын пайдаланушыға қатысты компаниялардың тіркелген аумақтары бойынша экономикалық сотқа талап арыз жолданды.
Айта кету керек, бүгінгі таңда облыс аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін 195 жер қойнауын пайдаланушы бар. Олар 84 келісімшарт және 111 лицензия негізінде жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі Сауран, Сайрам, Ордабасы аудандары мен Арыс қаласының аумағында орналасқан.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
14.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 126
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 125
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 641
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 759
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 672
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 684

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8819
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8218
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11445
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9200
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10429