Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Көпсалалы-индустриалды техникалық колледжінде Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл толуына орай «Ұлт әдебиетінің абызы» атты еске алу кеші өтті. Іс-шараны облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының бұқаралық көрмелік іс-шаралар секторының меңгерушісі Пернекүл Нәльтаева және «Көпсалалы-индустриалды техникалық колледжі» директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрбол Байсеит ашып беріп, халық жазушысының еңбегі мен шығармашылық жолын өскелең ұрпаққа үлгі етті.
Еске алу кешіне арнайы жасалған кітап көрмесін кітапханашы Ақнұр Ерімбетова, жазушының өнегелі өмірінен көпшілікке бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар аталмыш оқу орнының студенттері әсем әндерімен өз өнерін көрсетті. Кеш спикерлерінің қатарында зиялы қауым өкілдері Баян Адырбекова, Роза Нарымбетова, Несіпкүл Өтебаева шақырылды. Мағыналы басқосуға Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің «Рухани жаңғыру» ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Әдемау Толысбаева модератор болды.
Әбдіжәміл Нұрпейісовтың әдебиет жолындағы еңбектері мен адамдық қасиеттерін әңгімелеп, естеліктерімен бөлісті. Кеш барысында жас ақын Бауыржан Ерман жылы лебізін білдіріп, қонақтарды шабытты поэзиясымен тәнті етті. Сондай-ақ жазушы шығармашылығындағы шоқтығы биік «Қан мен тер трилогиясы жайында оқырман тілінде ұғындыру мақсатында Р.Исетов атындағы №20 жалпы білім беретін орта мектебінің және С.Сейфуллин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Жансая Шорабекова мен Махаббат Искакова қатысты.
Кеш соңында колледж директоры мен іс-шараға белсенді қатысқан оқушылар кітапхана директоры Жанат Шардарбекованың алғыс хатымен марапатталды.