ТҮРКІСТАНДА ӘУЕСҚОЙ ФУТБОЛ ЛИГАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ӘУЕСҚОЙ ФУТБОЛ ЛИГАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Бүгін облыс орталығында шағын футболдан «Әуесқой футбол лига ойындарының» 2024 жылғы көктем-жаз маусымының жабылу салтанаты өтті. Шараға қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев қатысты. «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында өткен қорытынды жиында биылғы ойындардың жүлдегерлері марапатталды.
Басқосуда сөз алған Мекенхан Қозыханұлы әуесқой футболшыларға қала басшысының құттықтауын жеткізіп, алғыс хаты мен сыйлықтарын берді. Сондай-ақ шаһардың спорт саласына еңбегі сіңген, дамуына үлес қосып жатқан мамандарға қала әкімінің арнайы алғыс хаттарын табыстады.
Мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы аталған лига ойындарының тұрғындар арасында спортты насихаттауға қосқан үлесі зор екенін атап өтіп, дәстүрлі түрде жалғасатынын жеткізді.
Жалпы Түркістан қаласы бойынша кіші футболдан көктем-жаз маусым ойындарына А, Б, С, Д, және супер лига топтарына бөлініп 74 команда, 2000-ға жуық әуесқой футболшы қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша супер лигада 1-орынды Бекзат секторының командасы, 2-ші және 3-ші орынды Яссы секторының қос командасы иеленді. Сонымен қатар «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік сұрмерген» сынды номинациялар табысталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
20.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6600
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 6032
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 9238
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 7022
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 8233