ТҮРКІСТАННЫҢ ҚАЙТАЛАНБАС КЕЛБЕТІ АЖАРЛАНА ТҮСПЕК

ТҮРКІСТАННЫҢ ҚАЙТАЛАНБАС КЕЛБЕТІ АЖАРЛАНА ТҮСПЕК
Түркістан облысының орталығы – Түркістан қаласының сәулетін жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Шаһардың келбетін одан әрі көркейтуге тұрғындар да өз үлесін қосады. Осыған қатысты қоғамдық талқылау өтеді. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды. Облыс әкімі жауапты сала басшыларымен жоба барысын талқылады.
Өңір басшысының төрағалығымен облыс аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан және енді жүзеге асатын жобалардың сәулетіне қатысты талқылау өткізілді. Оған сәулетшілер, жауапты басқарма басшылары, қала әкімдігі мен өзге де мекемелерден өкілдер қатысты.
Түркістанның бірыңғай қайталанбас сәулет стилі бар. Салынып жатқан жаңа нысандар мен тұрғын үйлердің қасбеттері белгіленген талапқа сай бой көтеруде. Жеке кәсіпкерлерден тұрғын үйлер мен инвестициялық жобаларды бір үлгіде, ұлттық нақышта безендіруді талап етіледі. Облыс әкімінің тапсырмасымен жаңа нысандарды орта ғасырлық сәулет өнеріне сай, ұлттық нақышты ұстана отырып, шаһардың ерекше бірегей келбетін сақтау қатаң бақылауға алынған. Сондай-ақ салынатын ғимараттар халыққа ұзақ жылдар бойы сапалы әрі жайлы қызмет етуі үшін әрбір жоба егжей-тегжейлі қаралады.
Шаһардың дизайн-коды, яғни құрылыс салу нормаларының стандарттары мен белгілі бір үлгі, ережелері сақталуы тиіс. Бұл талап тек ғимараттар мен тұрғын үйлердің ғана емес, сондай-ақ көгалдандыру, абаттандыру, тас төсеу, жарықтандыру, аялдамалар, шағын сәулеттік пішіндер мен орнатылған орындықтарға да қатысты.
Бұл бағыттағы жұмыстардың барысында өзге елдердің тәжірибесі де ескеріледі. Қоғамдық талқылау болады. Көпшілік пікірі ескеріледі. Ұсыныстар мен тілектер қаралады.
Аталған тәжірибе облыстың аудан, қала, елді мекендерінде де қолданылмақ. Ауыл келбетін жақсарту бағытындағы ұсыныстарды меншік иелеріне ұсыну қарастырылуда. Бірыңғай үлгі өңіріндегі тұрғын үйлердің шатырына, жол желісіне, жарықтандыру, жарнамаларға, шағын сәулет нысандарына да қолданылмақ.
Қала мен елді мекендердің келбетін жақсарту кезең-кезеңмен іске асады. Өңірдің бірыңғай стилі қалыптасады. Құрылыс қағидаттарын сақтауға баса назар аударылады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
03.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 35
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 83
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 35
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 40
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 35
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 77
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 83
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 277
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 273
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 894

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8972
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8366
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11592
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9350
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10576