Түркия бұғаздарды жабатынын мәлімдеді

Түркия бұғаздарды жабатынын мәлімдеді

РБК басылымы: «Түркия Ресейдің Украинадағы әскери операциясын соғыс деп атап, Монтре конвенциясына сүйене отырып, Босфор мен Дарданелл бұғаздарын жабатынын мәлімдеді», – деп хабарлайды.  Басылымның жазуынша, Түркия Ресей мен Украина арасындағы жағдайға қатысты өзінің ресми ұстанымын CNN Turk эфирінде айтқан. Елдің Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглудың сөзінше, Түркия қақтығысқа қатысушы тараптарға қатысты Монтре конвенциясының 19-бабын бұлжытпай орындайтын болады. 24-і ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Украинада әскери операция басталғанын хабарлаған соң, Укрина президенті Владимир Зеленский Түркияға жүгініп, Дарданелл бұғазын ресейлік кемелер үшін жабуды өтінген еді. Алайда бүгінге дейін Босфор мен Дарданелл бұғаздары ресейлік кемелер үшін ашық тұрған болатын. Босфор және Дарданелл бұғаздары Мәрмәр теңізі мен Қара теңізді Жерорта теңізімен байланыстырады. Бұл Қара теңізден Дүниежүзілік мұхитқа шығатын жалғыз жол. Бұғаздардың екі жағалауы да Түркияның бақылауында 

 

Ермек Сахариев
03.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Талғар төрінде халықаралық турнир
Салтанат Бакеева - 23.10.2025 30
АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 84
Министрлікте өткен кеңес
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 22.10.2025 34
АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 84
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 315
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 313

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18988
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18847
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34013
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32568
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36370