Түркия Елшісі көмек көрсеткісі келген қазақстандықтарды ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырды

Түркия Елшісі көмек көрсеткісі келген қазақстандықтарды ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырды

Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екиджи жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсеткісі келген қазақстандықтарды ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жерде тағы бір маңызды мәселені атап өту керек. Қазақстанда арнайы шот ашылды. Ол шотқа біздің елшілік жауап береді. Қазір Қазақстан тарапы да арнайы шот ашатыны туралы әңгімелер айтылып жатыр. Сондықтан үлкен өтінішіміз бар. Ақпаратты тек ресми көздерден ғана алсаңыздар екен. Өйткені түрлі адамдар бар, алаяқтық әрекеттер болуы мүмкін. Сондықтан тек ресми ақпаратқа сүйеніп қана шешім қабылдауды сұраймыз», - деді Елші Астанадағы елшілікте өткен брифингіде.

Сондай-ақ, Қазақстандағы Түркия елшілігі арқылы үш жерде көмек қабылданып жатқанын айтты.

«Біз гуманитарлық көмек қабылдауды жалғастырамыз. Астанаға жеткізілген көмек елшілікке жиналып жатыр. Сондай-ақ, ел аумағындағы өзге де өкілдіктерімізде көмек жинау орындары ашылған. Бұл – Алматы және Ақтау қалаларындағы бас консулдық тар. Қарапайым адамдардан бөлек Қазақстан Үкіметі де көмек беріп жатыр. Екі ұшақпен іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылар жіберілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы 1 млн доллар көлемінде шұғыл көмек беру туралы шешім қабылдағанын білеміз», - деді Уфук Екиджи

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне келіп, бауырлас елдің оңтүстік-шығысында болған алапат зілзала салдарынан мыңдаған адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.

Анадолу агенттігінің мәліметінше, Түркиядағы екі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 6234-ке жетіп, 37 011 адам жарақат алған.

Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда үш қазақстандық іздестіріліп жатыр.

08.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 238
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 235
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 737
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 860
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 773

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8930
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8324
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11551
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9308
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10536