Түркияда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

 Түркияда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

 

    Елдің бірқатар өңірлерінде ауа райының қолайсыздығына байланысты жол-көлік оқиғалары жиілеп, зардап шеккендер тіркелді.  Түркияның солтүстік-батысында және елдің орталық бөлігінде төрт күн бойы толассыз жауған қардан коммуналдық қызметтер жолды тазалауға үлгермей жатыр. Тас жолдар мен қар үйінділерінде қалып қойған адамдар әлі де бар. Бірден елдің үш провинциясында – Ыстанбұл, Токат және Амасияда қалааралық автобустар апатқа ұшырады. Кейбір мәліметтер бойынша, 4 адам қаза тауып, 48 адам жарақат алған. Текирдагтан Анталияға бағыт алған жолаушылар автобусында 25 адам болған. Қалың жауған қардан жол көрінбей, көктайғаққа айналған. Салдарынан көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Оқиға салдарынан 18 адам зардап шегіп, жүргізуші мен 2 жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Эрзурумға бет алған қалааралық автобус Чалкара ауылы маңында қалың көктайғақ салдарынан аударылып қалды. Алғашқы мәліметтер бойынша 1 адам қаза тауып, 18 адам жарақат алған. Қазіргі уақытта барлық өңірлік қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары, өрт сөндірушілер және полиция қызметкерлері келіп жатыр. Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, адамдарды жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізуде. ҚР-дың Түркиядағы елшілігінің мәліметінше, апат салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

 
Ермек САХАРИЕВ
26.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

Талғар төрінде халықаралық турнир
Салтанат Бакеева - 23.10.2025 42
АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 98
Министрлікте өткен кеңес
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 22.10.2025 41
АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 98
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 322
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 325

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18996
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18855
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34022
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32577
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36381