Түркиядағы ахуал

Түркиядағы  ахуал

6 ақпанда Түркияның оңтүстігіндегі Кахраманмараш провинциясында таңғы сағат 4:17-де 7,7 балдық жер сілкінісі болды.

Түркиядағы 100 жылдағы ең жойқын жер сілкінісі туралы не белгілі: 2023  жылғы 6 ақпан, 17:45 - inform.kz жаңалықтары

Газиентап тұрғыны Жадыра Асанқызы жер сілкінісі қалай болғанын айтты. "Ұйықтап жатып шошып ояндық. Баланы алып шықтық. Қорқынышты дауыстар естілді. Аяғымызға ештеңе киместен шығып кеттік. Үй өте қатты тербеліп тұрды, үстімізге құлайтын сияқты. Жалаң аяқ жүгіріп, алысқа кеттік. Барлық адам естері шығып, не істерін білмей, туысқандарына хабарласып, түгендеп жатыр. Мен де Қазақстандағы барлық ағайынды хабардар еттім. Қазір осындамыз, жатақхана береді. Үйге бармаймын. Қорқынышты. Ауа райы жаман болып тұр. Ешкім үйіне барғысы келмейді", - дейді ол.

Қазіргі таңда  5894 Түркия азаматтары қаза тауып, 34810 азамат жараланғандығын AFAD Жер сілкінісі және Тәуекелді азайту бас директоры Орхан Татар хабарлады.

Өңірдегі AFAD және басқа да мекемелерден көмек көрсететін персонал саны 24 мыңнан асты. Ескендір портынан 10 кеме жаралыларды ауруханаларға жөнелтіп жатыр.

Түркиядағы ахуал: қаза тапқандар саны 3381 адамға жетті - Qazaq radiosy |  Қазақ Радиосы / Казрадио / Kazradio / Qazradio

Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр. Мемлекет басшысы Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды. Сондай-ақ, еліміздің құтқарушылары Түркияның Газиантеп қаласына жөнелтілді.

Қазақстан Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар береді

Әнші Димаш Құдайберген жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек қолын созатынын мәлімдеді.  "Қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін! Stranger әлемдік туры аясында менің концерттеріме билеттерді сатудан түскен қаражаттың бір бөлігі табиғи апат салдарынан зардап шеккендерге көмек ретінде берілетінін хабарлаймын. Менің командам толық ақпаратты кейін DimashNews-те жариялайды", - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасына.

 

Естеріңізге сала кетсек, Республика Президенті Режеп Тайып Ердоған жеті күндік Жалпыұлттық аза тұту жариялап, елдегі барлық жалау 12 ақпанда күн батқанға дейін түсіріледі

 

Балжан Алжанова
08.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 238
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 235
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 737
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 860
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 773

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8930
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8324
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11551
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9308
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10536