Алматыда Tartyl Fest турникте тартылу бойынша үшінші республикалық спорт фестивалі аяқталды. Қазіргі уақытта фестивальға қатысқан адам саны (623 қатысушы) және турникке тартылу бойынша (40 рет) Алматы қаласы көш бастап тұр. Бұған дейін турникке тартылу бойынша рекорд Қонаев қаласында жасалған еді (37 рет). Фестивальға қатысушы барлық 20 қала үшін ереже бірдей – дұрыс және ең көп тартылу.
Бұл жолы Tartyl Fest-те әртүрлі қатысушылар, атап айтқанда, кішкентай спортшылар, аға буын өкілдері, мүгедектігі бар адамдар, танымал қазақстандық блогерлер өз күштері мен шыдамдылықтарын сынады. Алматы әкімдігі пара жүзуден Қазақстан чемпионы, 60 жастағы Чакер Смағұловты «Жеңіске деген жігері үшін» атты арнайы марапатпен марапаттады. ҚР Президентінің іс басқарушысы Айбек Дадебаевтың марапаттарына 23 жастағы мотиватор қатысушы Әділжан Дәулетов пен 10 жастағы Вероника Соклакова ие болды. Ол қыз 21 рет тартылды. Сондай-ақ, жекелей марапаттарға ең жас қатысушы, 5 жасар Рауан Жанақбай (7 рет тартылды) мен жастарға үлгі болатын, 69 жастағы Роман Балтабаев ие болды. Спорт фестиваліне қатысушылар 1-орын үшін – 200 мың теңге; 2-орын үшін – 100 мың теңге; 3-орын үшін 50 мың теңге ақшалай сыйлық алды. Фестиваль 10 шілде - 6 қыркүйек аралығында еліміздің 20 қаласында өтеді. Әр қалада 27 жеңімпаз іріктеледі. Әр қаланың жеңімпаздары (9 санатта) Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға қатысады. Гранд-финалдың жүлде қоры – 54 млн теңге.