ТУРНИРДЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

ТУРНИРДЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
2023 жылдың 13-16 сәуір күндері аралығында Жамбыл облысы, Шу қаласында футболдан 2013-2014 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир болып өтті.
Аталған жарысқа Сарысу ауданындағы № 26 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жас футболшылары қатысып, бақ сынады.
Жарысқа Жамбыл облысының аудандары мен Алматы қаласы және Түркістан, Алматы облыстарынан барлығы 16 команда қатысты.
Өз тобында Шу, Мойынқұм аудандары және Қонаев қаласының командаларынан басым түскен жерлестеріміз, жартылай финалда алаң иелері Шу ауданы, Төле би ауылының командасын 3-0 есебімен ұтып, ақтық ойынға жолдама алды.
Финалдық ойында Қонаев қаласының командасына 2-0 есебімен есе жіберген сарысулық жас футболшылар жүлделі ІІ орынға ие болды.
Ойында өз қақпасын шебер қорғай білген № 26 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жас футболшысы Шәріпбек Бақдаулет жарыстың «үздік қақпашысы» атанды.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
17.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 329
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 175
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 475
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 322

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18240
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18099
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33288
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31837
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35553