Тұсау кесер

Тұсау кесер
Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының туризм бөлімінің басшысы Хажы Жомарт, «АРК ғылыми ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Искандер Торебеков жұмыс сапарымен ауданымызға келді.
Әкімдіктің үлкен мәжіліс залында аудан кәсіпкерлерімен өткен басқосуды аудан әкімінің орынбасары Дулат Жақыпбеков ашып, жүргізіп отырды.
Облыс әкімдігі туризм басқармасының туризм бөлімінің басшысы Жомарт Жайнақұлы жалпы жұмыс сапарының маңыздылығы жөнінде айта келе, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жобасында туризм саласы бойынша қарастырылған 4 нысаналы индикаторлардың белгіленген жоспарлы мәндерінің жыл қорытындыларымен сапалы орындалуы, облыс аумағында орналасқан қонақ үйлер мен өңірге келетін туристерді тіркеу бойынша нақты статистикалық есептілікті қалыптастырып, орналастыру орындарының статистика мекемелеріне дұрыс есеп беруі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «АРК ғылыми ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Искандер Санжарұлы туризм саласында қызмет көрсетіп отырған туристік бизнес субъектілеріне арналған мемлекеттік қолдау шараларына тоқталып, аудан аумағында орналасқан инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысындағы проблемалық мәселелерді анықтап, шешу жолдарын қарастыру туралы сөз қозғады. Кездесу қатысушылары күн тәртібіндегі мәселеге байланысты сауалдарын жолдап, нақты жауаптар алды.
Ісссапар барысында аталмыш басқармамен әзірленген «Жамбыл облысының туристік объектілерін түгендеу және зерттеу туралы» аналитикалық жұмыстарының тұсаукесері өткізілді.
Байзақ ауданы әкімдігі
15.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14392
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14314
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29457
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28090
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31623