ТЖМ-тердің бірлескен 5-і алқа отырысы

ТЖМ-тердің бірлескен 5-і алқа отырысы

Алматы қаласында Қазақстан-Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрліктерінің бірлескен бесінші алқа отырысы өтті. Алқа жұмысына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Бообек Ажикеев бастаған екі елдің ТЖМ делегаттары қатысты. Іс-шараның мақсаты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша төртінші бірлескен алқа отырысының шешімдері мен нормативтік құқықтық актілерін іске асыруда екі жақты ынтымақтастықты үйлестіру. Отырыс барысында ведомство өкілдері Бішкек қаласында орналасқан Орта Азиялық Жер қолданбалы зерттеу институтының тәжірибесінде жер сілкінісі мониторингі жүйесін пайдалану сынды бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Трансшекаралық өзендерде төтенше жағдайлар мен қауіп-қатерлердің туындауы, су шығындары туралы ақпараттандыру, трансшекаралық аумақта табиғи өрттерді сөндіру бойынша тәжірибе алмасу, сонымен қатар қиын аумақтардан өтетін туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері кезекті рет көтерілді. Сондай-ақ тараптардың 2015-2030 жылдарға арналған апаттар қаупін азайту жөніндегі Сендай негіздемелік бағдарламасын іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама тыңдалды. Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлері келесідей келісімдерге келді: техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар ету және хабардар ету жүйесін дамыту бойынша тәжірибе алмасу; су айдындарында іздестіру-құтқару жұмыстарын пысықтау бойынша бірлескен трансшекаралық оқу-жаттығулар мен ТЖ-ға ден қою бойынша жаттығулар және сүңгуірлік жиындар өткізу тәжірибесін жалғастыру. Қатысушылар Қазақстан мен Қырғызстан ТЖМ бірлескен алқа отырыстары тиімді өзара іс-қимылды дамытуға, ведомстволар арасында тәжірибе алмасуға және трансшекаралық сипаттағы төтенше жағдайларға бірлесіп жедел ден қоюға ықпал етеді деген ортақ пікірге келді.

Ермек Сахариев
11.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

 ШАРДАРАЛЫҚ 9 ОҚУШЫ РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША ИСПАНИЯДАҒЫ ЖАРЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.04.2024 18
СОЗАҚТА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ӨТУДЕ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.04.2024 27
Бақылау шараларының нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтірілді
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті - 24.04.2024 54

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 990
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7041
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10884
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7109
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7251