UFC: Р.Физиев Р. Дос Аньосты нокаутқа түсірді

UFC:  Р.Физиев Р. Дос Аньосты нокаутқа түсірді

Жамбыл облысының тумасы Рафаэль Физиев бразилиялық Рафаэль Дос Аньосты нокаутқа түсіріп, UFC-тегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді.  Екі файтер арасындағы кездесу Лас-Вегаста (АҚШ-тың Невада штаты) өткен UFC Vegas 58 турнирінің басты жекпе-жегі болды. 5 раундқа жоспарланған жекпе-жек бесінші раундтың басында аяқталды. 

Осы тұста Физиевтің сол қолымен жасаған соққысы қарсыласына дөп түйіп, ол техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша, Рафаэль Физиев кәсіби мансабындағы 12-і, UFC-тегі алтыншы жеңісін тойлады. Ал Рафаэль Дос Аньос өз мансабында 14-рет жеңілістің ащы дәмін татты. Рафаэль Физиев 1993 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданында дүниеге келген. Файтер ол жерде 12 жасына дейін тұрған. Кейін отбасымен Қырғызстанға көшіп кеткен. Аралас жекпе-жекпен кәсіби түрде 2015 жылдан бері айналысып келеді және 2021 жылға дейін Қырғызстанның намысын қорғады. Дос Аньосқа қарсы жекпе-жегінен бастап Әзірбайжан атынан өнер көрсетуде. Дос Аньосқа келсек, ол 2015 жылы Энтони Петтисті жеңіп, UFC-тің жеңіл салмақтағы чемпионы атанған-ды. Алайда 2016 жылы америкалық файтер Эдди Альварестен жеңіліп, бұл атақтан айырылып қалған болатын. 

 

Рауан Алмасұлы
15.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4105
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4284
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19228
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17890
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21331