Үйінді астында адамдар болуы мүмкін: Қазақстандық құтқарушы ит белгі берді

Үйінді астында адамдар болуы мүмкін: Қазақстандық құтқарушы ит белгі берді

Түркияда жер сілкінген аймақта жұмыс істеп жатқан қазақстандық құтқарушыларды тағы бір нысанға тарту туралы шешім қабылданды.

Бұл - іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқан учаскелердің жанында орналасқан толығымен қираған үй, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің бапасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл нысанда ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кинологиялық есептобының Джейкоб есімді иті тірі адамның үйінділердің астында болуы мүмкін екендігі туралы белгі берді.

Джейкобтың белгісі негізінде «тыныштық минутын» жариялау туралы шешім қабылданды. Бұл уақыт көмек сұраған кезде адамдардың үйінділердің астындағы дауыстарын естуге мүмкіндік береді.

«Джейкоб - нағыз дос, малинуа тұқымының иті. Төтенше жағдайға тап болған адамдарға қаншама рет көмектескен. 6 жыл бойы құтқарушы болып жұмыс істейді»,-делінген хабарламада.

08.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 350
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 339
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 199
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 495

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18253
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18112
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33302
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31853
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35569