ҮКІМЕТ САҒАТЫНДА ЕЛЕУЛІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ҮКІМЕТ САҒАТЫНДА ЕЛЕУЛІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

5 желтоқсан күні Мәжілісте Үкімет сағаты болып,  әлеуметтік кодекстің таныстырылымы  өтті. Мәжілісте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Әлеуметтік кодекс жобасын қорғады.

Әлеуметтік кодекс жобасында мына бағыттар бойынша бірқатар новеллалар 

қарастырылған:

1. Отбасының сандық картасын енгізу;

2. Халықты жұмыспен қамту саласындағы жаңа тәсілдер; 

3. Жаңа көші-қон саясаты;

4. Балалы отбасыларға қолдау көрсету шаралары;

5. Арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту;

6. Зейнетақы төлемдерін арттыру.

Министр үкімет мүшелері алдында көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері өсетінін айтты. «Бала күтіміне байланысты төлемдер мерзімі ұзартылады. Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері өседі және олар  «Алтын алқа», «Күміс алқамен» наградтталған аналар деген жаңа статуспен қарастырылады. Тағы бір  маңызды параметр – 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін кедейлік шегі бүгінгі күнкөріс деңгейінен емес, медиандық табыс есебінен анықталады. Бұл ретте Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесі зерделенді», – деді Тамара Дүйсенова.

Министр ханым елең етер жаңалығымен де есте қалды. Алдағы уақытта жұмысқа орналасу кезінде дипломның болуы міндетті емес.  Дипломдардың орнына сертификаттау жүйесі енгізіледі. 

«Бүгінгі таңда дипломның болуы біліктілік деңгейінің көрсеткіші емес екенін мойындауымыз керек. Сондықтан жұмыс берушілердің көбісі нақты жұмыс өтілінің болуын талап етеді. Бұл жастардың жұмысқа орналасуына кедергі болуда. Осыған байланысты, ұлттық біліктілік жүйесін дамыту арқылы білім беру жүйесін жұмыс берушілердің талаптарымен байланыстыратын «Кәсіптік біліктілік туралы» заңның жобасы әзірленді. Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің техникалық тапсырмаларына, яғни кәсіптік стандарттарына сәйкес әзірленетін болады», – деді Тамара Дүйсенова. Министр дағдылар мен құзыреттерді бағалау үшін сертификаттау жүйесі енгізілетінін атап өтті.

«Сертификат тәжірибеде қажет болатын білімі, еңбек дағдысы мен біліктілігі бағаланып барып беріледі. Сертификаттар тек формалды ғана емес, сонымен қатар формалды емес және информалды білімі бар адамдарға да беріледі», – деді министр.

Сондай-ақ ол Қазақстандағы 5 әлеуметтік тәуекелдерден сақтандыруды көздейтін қолданыстағы сақтандыру жүйесі халықаралық стандарттарға және нақты экономикалық жағдайларға сай келетінін атап өтті. «Бұл жүйе сақталады, бірақ оның мақсатты міндеті өзгереді. Жүйе тек әлеуметтік төлемдер төлеуге ғана бағытталмай, ең алдымен ол азаматтарды формалды түрде жұмыспен қамтылуға ынталандыруды көздейтін болады», – деді министр. Осы мақсатта Салық кодексіне шағын бизнестің жалдамалы жұмыскерлері үшін бірыңғай міндетті төлемді енгізуге қатысты өзгерістер енгізіледі. Олар үшін салықтық жүктеме келесі жылы 33%-дан 20 %-ға дейін төмендету қарастырылуда. Оның айтуынша, салық агенттері тарапынан онлайн платформалар операторларын айқындау ұсынылып, олар осында жұмыс істейтін азаматтар атынан тиісті төлемдерді жүргізеді.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
08.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 27
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҮШІН БИЫЛ АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА 15 500 ГРАНТ БӨЛІНЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 26
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 32
 СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 02.05.2024 28
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 27

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1186
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7233
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11097
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7297
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7442