Үкімет тұрғын үй мәселесін толық шешетін бағдарлама қабылдауы керек

Үкімет тұрғын үй мәселесін толық шешетін бағдарлама қабылдауы керек

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің кезекті отырысында мүгедектікті белгілеу мен оны қайта рәсімдеу мәселесі талқыланды. Депутат Жанарбек Әшімжанов қасіретті қаңтар оқиғасына қатысты пікірін білдірсе, Серік Ерубаев әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кемшілігіне тоқталды. Сонымен қатар синтетикалық есірткіге тәуелді жастардың санының соңғы үш жылда артқаны жөніндегі мәселе де назардан тыс қалмады.

Ал «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі, депутат Елнұр Бейсенбаев ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайыловқа депутаттық сауал еліміздегі тұрғын үй мәселесіне қатысты жолдады. Депутаттың айтуынша, елімізде әр азаматтың әлеуметтік жағдайы баспанасының болуымен байланысты екені белгілі. Республикамыз бойынша бұл мәселе соңғы 3 жылда едәуір күрделеніп келеді. «Жылдар бойы кезекте тұрған әлеуметтік осал топтар санатының өкілдері үй алу мүмкіндігіне сенімсіздік білдіруде. Оған басты себеп Үкімет тарапынан қабылданып жатқан шаралардың мәселені шешу үшін жасалмағандығын аңғартып отыр. Мысалы, 2018 жылдан бері кезекте тұрған адамдардың тізімі шамамен 130 мыңға көбейіп, 591 мың тіркелушіні құрап отыр. Оның ішінде, олардың саны Шымкентте 14 мыңға өсіп 48 442 адам болса, Алматы облысындағы үй кезегін күтушілердің саны 17 мыңға өсіп 59 067 жетті, ал Түркістандық кезектегі сан 19 мыңға артып, 47 409 отбасыны құрап отыр. Бұл цифрлар тек өсумен әлек болса, пәтер жалдаған отбасылар көшумен әлек. Бұны бір деңіз. Екіншіден, 591 мыңнан астам кезекте тұрған адамдардың 170 мыңға жуығының жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен, яғни кедейшіліктің шыңырау шегінде екенінің дәлелі. Айта кететіні бұл санаттағы көпшілікті – І, ІІ топтағы мүгедектер, ерекше балаларды асыраушы отбасылар, жетімдер, жалғызбасты және көпбалалы отбасылар құрайды. Сондай-ақ, жылына кезек саны 40 мыңнан астам, ал оның ішінде әлеуметтік осал санатындағы кезектің жылдық өсімі шамамен 19 мыңға жуық отбасыны құрап отыр.

Оған қоса, өңірлерде 2000-2001 жылдан бері кезекте тұрған әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтар, олардың көпшілігі мүгедек жандар мен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеуші отбасылар. Айта кететіні, 20 жылдап үй кезегін күту, мүгедек жандары бар отбасылардың тіпті жеңілдетілген несиеге үй алу мүмкіндігі жоқ екендігін айқын көрсетіп тұр. Бұл дәйектер тұрғын-үй саясатындағы жағдайдың өршіп тұрғанын көрсетеді. Үшіншіден, Мемлекет басшысы 2020 жылдың басына дейін «Бақытты отбасы» бағдарламасының ауқымын кеңейтуді тапсырған болатын. Ал Үкімет болса, тек қаржыны ұлғайтумен шектелді. Осы орайда, әлеуметтік осал топтарға кіретін жетімдер мен мүгедектер санаты қайта сыртта қалып қойды. Сонымен қатар, 2022 жылдың екінші айы басталғанымен «Шаңырақ» бағдарламасына арналған қаржы әлі ортақ операторға үйлестірілмеген. Үкімет үшін бір ай уақыт емес шығар, ал пәтер жалдаушы үйсіз отандасымызға бұл кезекті далаға кеткен пәтерақысының сомасы», -деді Е. Бейсенбаев.

Жоғарыда көтерілген мәселелер, еліміздегі тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерінің әлсіз, әрі тиімсіз іске асырылып келе жатқандығын аңғартып отыр. Шыны керек, бұл мәселенің депутаттық мінберден жиі көтерілгенімен нақты проблеманы шешетін толыққанды бағдарлама қабылданбай келеді. Е. Бейсенбаевтың айтуынша, баспана – әлеуметтік жағдайдың индикаторы. БҰҰ стандарттарына сәйкес, әр адамға шаққандағы тұрғын үй мөлшері 30 шаршы метрден кем болмауы шарт, бізде ол көрсеткіш 21 шаршы метрді құрап отыр. Бұл көршілес, экономикасы бізбен теңдес мемлекеттерден 5-6 шаршы метрге төмен көрсеткіш болып табылады. Бірақ Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тұрғын үй бойынша жағдайды түбегейлі өзгерту керек. Бұл мәселе үнемі біздің назарымызда болады. Тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы басымдылық...» - деген тапсырмасын орындауға асығатын емес. Осы орайда депутат Үкімет даярланып жатқан «Тұрғын үй саясаты» туралы заңнаманың жобасына соңғы орын алған оқиғаларды ескере келе, нақты шешімдер тізбегін қарастыру керектігін айтты. Оның ішінде субсидиялау механизмдеріне байланысты қоғам пікіріне құлақ асуды сұрады.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
16.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 42
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 156
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 193
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 189
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 156
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 302
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 301
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 520
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 473

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9176
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8574
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11802
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9572
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10782