Үкіметтің 2022 жылға арналған бағдарламасы бойынша кеңес

Үкіметтің 2022 жылға арналған бағдарламасы бойынша кеңес

   ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Экология, геология және табиғи ресурстар, Төтенше жағдайлар, Қорғаныс министрліктерінің басшылығымен Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу мәселелері бойынша кеңес өткізді.   2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасы аясында Ұлттық экономика министрлігі ұсынатын шаралар халықтың табысын арттыруға, шағын және орта бизнесті дамытуға, жаңа инвестициялық саясатты қалыптастыруға, мемлекеттің ел экономикасына қатысу үлесін қысқартуға, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға және тарифтік саясатты жетілдіруге бағытталған. Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған шаралар жаңа алма бақтарын отырғызу, ет өнімдерін қайта өңдеу, құс етін өндіру, балық өсіру, картоп пен көкөністерді сақтау жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейді. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жеңілдетілген несие берумен, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету, АӨК субъектілерін субсидиялау жүйесін жетілдіру, ветеринариялық жүйені реформалау жоспарлап отыр. Өндіріске қазіргі заманғы ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу, тұқым шаруашылығын және жемшөп өндірісін дамыту жөнінде шаралар қабылданатын болады. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қоршаған ортаға ластауыш заттар шығарындыларын азайту, бүлінген жерлерді қалпына келтіру, «тарихи» ластануларды жою, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, көлдерді қалпына келтіру, су инфрақұрылымын цифрландыру, балық саласын дамыту бойынша шараларды ұсынды. Оған қоса, кәдеге жарату алымының ставкалары қайта қаралатын болады. Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің ұйымдық-штаттық құрылымын реформалау, азаматтық қорғау органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік қамтамасыз етілуін нығайту жөнінде шаралар қабылдауды жоспарлап отыр. Қорғаныс Министрлігі Қарулы Күштерді реформалау жөніндегі бірінші кезектегі міндеттерді іске асыру жөнінде шаралар қабылдайды. Әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетін арттыру мақсатында жеке құрамның санын ұлғайту, әскерлерді қазіргі заманғы қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандыру, қажетті әскери инфрақұрылыммен жайластыру жөніндегі шаралар көзделген. Бас уәзір әкім-қараларға мұның бәрі дер кезінде іске асырылуы керек екенін, бұған олар тікелей жауап беретіндігін қадап айтты. 

Ермек Сахариев
04.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 144
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 181
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 178
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 144
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 292
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 290
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 506
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 463

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9162
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8560
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11787
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9556
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10768