Ұлт мүддесі үшін шайқасқан ғалым

Ұлт мүддесі үшін   шайқасқан ғалым

«Сын және әдебиеттанудың тарихы» ғылыми мектебінің негізін қалаған бірегей тұлға, филология ғылымының докторы Тұрсынбек Кәкішұлы еді. «Менің тағдырыма жазылғаны осы ма, әлде білмеймін ыңғай қиын-қыстау, соқпақсыз жолдары таңдап аламын да жүремін» деген екен ғалым Тұрсынбек Кәкішұлы бір сөзінде. Олай дейтініміз, 1956 жылдары кеңес үкіметі ұлттығымызды жойып жатқан тұста, ол қазақ әдебиеті сын ғылымын ұлттық болмыс түбірін сақтап, қорғап, ғылыми жүйеге келтірген ғалым. Ғалымның шығармашылығы туралы Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханансының Тұрсынбек Кәкішұлы атындағы залында «Абыз ғалым, аңыз тұлға» атты дәріс оқыған шәкірті, филология ғылымының докторы Жандос Смағұл: «Ол бүкіл шығармашылық сапарын өз ұлтының мұң-мүддесі мен тарихи тағдырының жоқтаушысына арнады. Ол бар болмысымен ұлтжанды, телегей-теңіз білімді, азаматтық арына адал, екі сөйлемейтін шыншыл, өз білгенін жасқанбай айта алатын үлкен жүректі азамат еді» деп бастады. 1960 жылы Т.Кәкішұлы «Қазақ-совет әдебиетінің қалыптасу кезеңіндегі идеялық шығармашылық мәселелер» атты кандидаттық диссертациясын қорғайды. Тұрсынбек Кәкішұлы осы кезеңдегі қазақ әдебиетінің жаңа социализм әдебиетінің – әдеби ағымдар, көркемдік әдістер мәселесіне үңіліп жаңа образ, жаңа тақырып, жаңа заманның келбетін жасаудағы әдебиеттің барлық болмысын ашып береді. Ғалымның еңбегі жайлы Асқар Егеубаев, «1917-1929 жылдар аралығында аса күрделі шиеленісті саяси әлеуметті, Һәм шығармашылық, адамшылық тұрғыдан шиеленісті түйіндерді талдап зерттеуі отыздағы ғалымның орда бұзғандай батырлығы болатын» деген.

1973 жылы «Қазақ әдебиеті сынының тууы және қалыптасу жолдары» деген докторлық диссертациясында, қазақ әдебиеті сынын қазан төңкерісінен кейін шыққан деген шовинистік қағиданы бұзады. Бұл докторлық диссертациясынан кейін жоғары оқу орындарына «Қазақ әдебиетінің сыны» деген пән дербес пән ретінде енгізілді.  

1956 жылы «Қазақ әдебиеті» газетіне Рақманқұл Бердібаев «Ең үлкен байлық» деген мақала жазады. Мақалада жабылып қалған 700 қазақ мектебінің тағдыры, қазақ тілі мен жоғары оқу орындарында қазақ бөлімдерінің азаюы мәселесі көтеріледі. Осы тұста партия тарихы институтында марксизм-ленинизм классиктерінің аудармашысы болып жұмыс істеп жүрген Тұрсынбек Кәкішұлы  8 жігіт болып  Р.Бердібаевты қолдау мақсатында «Тіл мәдениеті» деген мақала жазады. Р.Бердібаевтың мақаласына үн қосқандар аз болмаған. Бірақ, кеңес үкіметі мақаладан кейін ғалым Р. Бердібаевты партиядан шығарып, жұмыстан кетіріп, жазғандарын басуға тыйым салады. Ал Т.Кәкішұлы бастаған 8 жігітті партия тарихы институтының партбюросында қарап, орталық комитетке шақырып, жас ұлтшылдар деп қара тізімге алған. 

Тұрсынбек Кәкішұлы қырыққа жуық ғылыми зертеу және шығармашылық кітаптар, мыңнан астам ғылыми публистикалық сын рецензиялық мақалалар жазған. Ол өзінің ғылым, шығармашылық, жазушылық жолында Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде әдебиетші маман оқытып, ұстаз болды. Туған халқы тұлға деп таныған, түркі дүниесінде ғылыми орта ғұлама деп бағалаған ғалым. 

Зүбәйра ТІЛЕГЕНҚЫЗЫ, журналист
14.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 108
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 144
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 142
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 108
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 252
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 255
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 466
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 428

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9128
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8525
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11752
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9520
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10733