Ұлт сапасын жақсарту балабақшадан басталады

Ұлт сапасын жақсарту балабақшадан басталады
«Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет. Оған қоса, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту керек.
Осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптар бекітілуге тиіс. Олардың жұмыс жүктемесін де біртіндеп азайтқан жөн.
Өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады. Сондықтан балабақшаны емес, тәрбиешіні аттестациялау қажет»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына Жолдауынан.
ҰЛТ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
Балаларға сапалы білім беру балабақшадан басталады. Мектепке дейінгі тәрбие баланың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.
Ендеше, бала өмірінің сапасын жақсартуға жұмсалған инвестиция — Ұлт сапасын жақсартуға әкеледі деп айта аламыз.
Сол себепті де мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.
Баланың ортаға тез бейімделуіне, жан-жақты дамуына балабақша үлкен рөл атқарады.
Дегенмен заманға сай бала тәрбиелеудегі әдіс-тәсілдер өзгеріп отыратыны белгілі.
Жаңа технология­ны тиімді қолдану үздіксіз тәрбие беру мен білім сапасын арттырады.
Қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұр­пақ тәрбиелеу педагогтерден үлкен ізденіс пен шеберлікті талап етеді.
Осындай талаптарға сай Қаратау қаласындағы Әйгерім балабақшасында болып, бүгінгі тәрбиешілер күнімен құттықтадым.
Сонымен қатар балабақшаның ыстық тамағы, жатын орындары мен балалар қауіпсіздігін көріп қайттым.
Ас сақталатын қоймаға кіріп, тазалығына мән бердім. Тамақтың сапасы мен балаларға берілетін уақытын қарап, балалардың жағдайы барынша жасалуы қажеттігін тағы да ескертіп өттім.
Алдағы қылышын сүйреткен қысқа дайындықтарына да баса назар аудардым.
«Қазақта «ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек.
Жаңа заман баласы –­ ер­­теңгі еліміздің бола­ша­ғы. Жаңа заман баласын қалып­тастырып, дамы­ту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анық­­тап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағ­дай жасау қажет.
Талас ауданында балаларға үз­діксіз білім беруде барлық жағ­дай қарастырылған.
Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз.
Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қам­ту біздің басты мақсатымыз болуы қажет.
Мақсат Арапұлы Қазанғапов
27.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 113
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 148
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 49
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 146
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 113
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 257
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 260
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 471
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 432

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9132
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8529
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11757
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9525
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10737