Ұлт ұстазының ұлағаты

Ұлт ұстазының ұлағаты

Білім саласы – ауыр міндет. Ұстаздар әрдайым өзінің білімін толықтырып, тәжірибесін арттыруы керек. Мен де қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Оқушыларға үйрете жүріп, білікті ғалымдардан және озат әріптестерден үйренеріміз көп. Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ұлт ұстазы және тіл білімі» атты облыстық ғылыми — тәжірибелік конференциясы барысынан біз осыны аңғардық. Конференция бізге не берді, қандай ой салды? Енді сол мәселеге тоқталғым келеді.

Ахмет Байтұрсынұлы – көрнекті лингвист-ғалым, қазақ тіл білімі мен ұлттық әдебиеттану ғылымының, журналистикасының негізін салушы. Байтұрсынұлына деген құрмет – қазақ руханиятына жасалған құрмет. Қалың елі қазағын ояту үшін соңғы демі таусылғанша еңбек еткен қоғам және мемлекет қайраткерінің өмір жолынан кейінгі буын жастар да хабардар болуы тиіс. Конференцияны облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Гүлхан Әлімбекова ашып, ұлт ұстазының кемеңгер болмысына тоқталды. Сондай-ақ ол модераторлық жасап, қонақтарға сөз тізгінін ұстатып отырды.
Әуелі М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Ұстаз» институты «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедарасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы Тұрсынай Әбдіқадырова тарихи дара тұлға – Ахаң салған әдебиет туралы, оның ілгерінді идеясы мен бастамашыл көзқарастары жайлы толғанды.
Мұнан соң Ш.Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институтының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Алмасбек Белботаев сөйлеп, ұлт ұстазының тіл мен әдебиетті зерттеудегі тынымсыз еңбегіне тоқталды. Ол: «Ахаң қазақ тілінде әліппе жазып, тіл білімінің негізін қалады. Араб жазуының қазақ тіліне икемделген нұсқасын әзірледі. Байтұрсынұлы жасаған реформасы – өміршең. Ол қазақ тілінің дыбыс үндестігіне сүйене отырып, ғылыми түрде жазылған. Ахаң жасап кеткен нұсқа, сөз таптары мен терминдер әлі күнге дейін құнын жоймай сақталып келеді. Ұлт ұстазының тереңдігі, өз халқына деген жанашырлығы осы тұста жарқырап көрінеді», дей келе, 1984 жылы қазақ әліпбиімен жарық көрген «Біздің Отан» газетінің бір данасын көпшілікке көрсетіп, сол нөмірде өзінің де мақаласы бар екен айтты. Жиналғандар Байтұрсынұлының жолымен келе жатқан Белботаевтың да тереңдігін тани түсті. Мұнан соң сөз алған Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің оқытушысы Ғалия Шәлібекова университет бітірмей-ақ Ахаңның қазақ тілінде баламасы жоқ сөздер тапқанын, қазақ терминологиясының негізін қалағанын айтты. Сондай-ақ көрнекті ақын Несіпбек Айтұлының: «Ана тілі» атты өлеңін оқып берді. Жиында Тараз қаласындағы Төле би атындағы гимназияның мұғалімі Рәткүл Сыздықова да тіл мәселесіне терең бойласа, Қордай аудандық тілдерді оқыту орталығының әдіскері Алтынай Әшімхан әлемдегі ең үздік көркем тілдердің қатарына қазақ тілін қосуға болатынын, осы жолда Байтұрсынұлы атқарған еңбектің орасан екенін айтты. Сондай-ақ Тараз қаласындағы №2 орта мектептің мұғалімі Жангелді Ақылбекұлы да өз ойын білдірді. Жиынды Гүлхан Мұхтарқызы қорытындылап, қонақтарға алғысын білдірді.
Біз ұлт жанашыры Ахметтің өткен ғасырда қалап кеткен еңбегі сан ғасырға жол тарта беретінін байқадық.
Ахмет Байтұрсынұлы – болмысы биік дара тұлға. Мен де өзімнің сабағымда Ұлт ұстазының еңбегін, керемет ізденісін зерделеп, ұстаздық жұмысымды жетілдіріп отырамын. Байтұрсынұлын оқыған сайын тереңдігіне жете алмай, бас иемін. Ол кісі тынышы кеткен сұрапыл заманда, кеңестік зұлым саясат жүріп тұрған шақта ғұмыр кешті. Солай жүріп ізденді, ғылымның негізін қалады. Тіпті темір торда отырып еңбек жазды. Сол қапастағы уақытының өзін ғылымға пайдаланды. Ал біз ше? Біз қалай ізденіп жүрміз? Мынау кең дүниеде нені зерттеп, ненің парқына барып жүрміз? Ойланатын мәселе. Ұлт ұстазы Ахмет қазақ халқының ардақтысы, барша ұстаздар қауымының үлгісі болып жарық жұлдызға айнала бермек.

Шарипа БЕГАЛЫ, Дмитрий Карбышев атындағы №16 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Тараз қаласы
14.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 82
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 116
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 116
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 82
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 227
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 231
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 444
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 407

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9104
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8502
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11729
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9495
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10711