Ұлтқа тірек, ұрпаққа қорған болған аналар

Ұлтқа тірек, ұрпаққа қорған болған аналар

Ұлтқа тірек, ұрпаққа қорған болған аналар

 Қазақ тарихының терең қойнауынан жалғасып бүгінгі бақытты күнге дейінгі сан қатпарлы қиын күндерде ерге серік, елге қорған болып, жер тұтастығы мен ұлт азаттығы үшін күресіп өткен аналарымыз аз емес. Ел мұңын айтқан ақын, жаудың бетін қайтарған батыр, халықты билеген хан да алтын құрсақты анадан туғаны ақиқат.

Ғасырлар қойнауынан аңыз болып айтылып, тұлпар мініп, ту ұстаған аналарымыз туралы сөз етсек, ең әуелі Парсы империясының патшасы Кирмен шайқасқан сақ патшайымы Томирис еске оралады. Сондай-ақ Үнді Дели сұлтандығының басын біріктірген қыпшақтан шыққан Разия анамыздың абыройы ұрпаққа мәңгі мақтан болса, атағы Алаш аспанында мәңгі жанып тұратын жарық жұлдыздар Гаухар, Назым, Бопай сынды батыр аналарымыз да бар. Аймағымыздың атын аспандатып тұрған атақты Сүлеймен Бақырғанидің қызы, Қараханидтер әулетінің негізін қалаушы Қараханның сүйіктісі Айша бибі, Кіші жүздің тұңғыш ханы Әбілқайырдың жары Рабиға бегім сияқты мәңгілік жауһарға айналған жандар, Домалақ ана, Қызай ана, Қағаз ана сияқты қасиетті аналарымыз да аз емес. Ал мәңгілік махаб- баттың символына айналып кеткен Қыз Жібек, Баян сұлу, Еңлік, Мамыр сынды арулар бүгінгі бұрымдыларға үлгі-өнеге.
Алдыңғы толқын аналар салған ізді кейінгі қыздарымыз да жалғай білді. Мәселен, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде аруларымыз майдан алаңынан табылып, сұм соғысқа 1571 қаракөзіміз қатысты. Берлин түбінде ерлікпен қаза тапқан Баян Байғожина, гвардия лейтенанты Хиуаз Доспанова, қан майдандағы хирург Рәпия Мақашева, пулеметші Мәншүк Мәметова, ұшақ механигі Дәмелі Жәкеева, мерген Әлия Молдағұлова Отан алдындағы міндетін мінсіз орындады. Сол батырлық, тектілік, қыздарымыздың бойынан 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі кезінде қайта оянды. «Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!» – деген Ләззат Асанованың сөзі алаңдағы талай жүрекке от сыйлады. Сонымен бірге Сәбира Мұхамеджанова, Мархаба Ыбырайымова сынды қыздарымыз – біз үшін ардақты есімдер.
Алашқа аты мақтан перзенттерді өмірге алып келген аналардың да есімдері тарихта алтын әріппен қалды. Мәселен, қазақтың біртуар тұлғасы Кенен Әзірбаевтың анасы – Ұлдар, даңқты батыр Бауыржан Момышұлының анасы – Рәзия, әйгілі жазушы Шерхан Мұртазаның анасы – Айша Есейқызы, аңыз адам Асанәлі Әшімовтің анасы – Тәжіхан, қазақ ұлтынан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің анасы Күнтөре Әмірәлиева сияқты аналарымыздың ұлт алдында абыройы асқақ.
Алашқа текті ұл берген ақынның атындағы аймақта жырдан маржан сүзген ақын аналарымыз да аз болмаған. Өткен ғасырдағы қазақтың әйгілі ақын қызы, жезтаңдай әнші, дәулескер домбырашы Ұлбике Жанкелдіқызының бүгінгі жалғасы Айша Көпжасарова, Шырын Мамасеріковалардың қазақ поэзиясында өзіндік орны бар. Күләш Ахметова сияқты ақын әпкелерінің ізін басқан Үміт Битенова, Ғайни Әлімбекқызы сынды ақындар қазақ әдебиеті мен мәдениетінің келешегі үшін тер төгіп келеді.
Ақындардың өлеңіне жан беріп, жалпақ қазақ даласын әнмен тербеген эстрадамыздың жарық жұлдыздары да жұрт жадында. Мысалы, Меркіде туып, халықтың құрметіне бөленген «Құрмет» орденінің иегері Бағдат Сәмединова, Құланда туып, қазаққа үні жеткен Тахмина Әшімбекова, елге белгілі Бейбіт Сейдуалиева сынды жезтаңдай әншілердің есімін ерекше атауға болады.
Өңірден шыққан қайраткер аналарға келсек, егістікте жүріп Кеңес Одағына атағы жайылған Қанымқызы Тортаеваның ерлігі ел есінде. Ол 1945-1947 жылдары қызылшадан рекордтық түсім алып, «Социалистік Еңбек Ері» атанған.
Ал өңірімізге ғана емес, ұлтымыз- ға мақтан қазақтан шыққан тұңғыш дипломат әйел Балжан Бөлтірікованың да есімі елге жақсы таныс. Ол 1921 жылы 15 қарашада Қордай ауданында дүниеге келген. Балжан анамыз небәрі 21 жасында мектеп директоры болып, Қазақ КСР-інің Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Сыртқы істер министрі қызметін атқарған. БҰҰ Бас Ассамблеясының XXI және XXV сессияларына Кеңес Одағының ресми делегациясын бастап барып, ел атынан БҰҰ мінберінде сөз сөйлеген. Алматы қаласының Құрметті азаматы атанған Аягүл Миразова да Тараздың тумасы. Аймағымызда Оразкүл Асанғазы, Гүлмира Исімбаева, Зәуреш Аманжолова бастаған билік пен халықтың ортасына алтын көпір болған азаматшаларымыз да баршылық. Сондай-ақ әлемдік ареналарда көк байрағымызды желбіретіп жүрген боксшы қызымыз Фируза Шарипова мен Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Зульфия Габидуллинаның еңбегі мен ерлігі ұшан-теңіз.
Қалам ізін сала берсек, ақ қағазға сыймайтын аналарымыз аз емес. Біз баян еткен бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеген батыр аруларымыздың бір парасы ғана. Ақжаулықтыларымыз аман болса, Алаштың арманын асқарға көтеретін талай тұлғаларды дүниеге әкелетініне бек сенімдіміз.
Мереке құтты болсын, сұлу арулар!

Жұматай Көксубайұлы
10.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 138
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 138
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 652
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 771
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 685
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 695

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8832
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8230
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11457
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9214
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10441