Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында алты алаштың білім шырағына ілім мен ғылымның қоңырауын алғаш соққан Ы.Алтынсариннің – 182 жылдығына орай бірлестік мұғалімдері арасында «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында мектепішілік байқау өтті. Іс-шара өткен орын тақырыпқа сай әсем безендірілді.
Байқаудың ашылуында мектеп директоры ЖаңылӘшірімбетова сөз алып, байқаудың басты мақсаты - қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін және ағартушыпедагог, ақын-жазушы Ы.Алтынсариннің шығармаларын насихаттау, талантты ұстаздарды анықтау және оларға қолдау жасау, өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік беру, мұғалімдерді кітап оқуға, кітапханамен байланыс орнатуға, олардың оқырмандық белсенділігін арттыруға шақыру,–дей келе байқауға қатысушы ұстаздарға сәттілік тіледі.
Тағылымы зор, мәнді де мағынаға толы байқауды мектеп кітапханашысы Мәдина Әлиева байыпты жүргізе білді.
Байқауға қатысқан жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері таныстыру кезеңінде топтың атын айтып, эмблемасын қорғаса, «Кел балалар оқылық» кезеңінде ақынның өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқыды. Мұнда шығарманы оқу мәнері, сахна мәдениеті, киім үлгісі ескерілді. «Оқу түбі тоқу» кезеңіндеұлы ұстаздың шығармаларынан сахналық көрініс көрсетілсе, төртінші кезеңде Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметінен бейнеролик жасап, көрермен назарына ұсынды.
Іс-шараға қатысқан мұғалімдердің ерекше дайындығы сезілді. Сондықтан да байқау жоғары деңгейде өтті деп бағаланды. Бір ерекшелігі барлық пәннің ұстаздары қатысып, «Мұңсыз адам», «Сабыр», «Әке мен бала» тәрізді әңгімелер желісі бойынша көрініс көрсетіп, өлең шумақтарын жатқа оқыды. Әсіресе, көріністер көпшіліктің назарын аударды.
Байқау барысында мектеп ұстазы Еркебұлан Дүзелбай әннен шашу шашып, іс-шараның көркін қыздырды.
Әділқазылар алқасы мектеп директоры Жаңыл Әзімханқызы, ардагер ұстаз Ләззат Шормантаева, аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Мәди Күнту, аудандық «Мойынқұм таңы» газеті бас редакторының орынбасары Алуа Гаухарбайқызының ұйғаруымен I орынды жаратылыстану бірлестігі, II орынды математика-информатика және қазақ тілі бірлестіктері, III орынды орыс тілі бірлестігі иеленіп, дипломдарға ие болды. Алағылшын, тарих, бастауышбірлестіктері Алғыс хаттармен марапатталды.
Байқау жеңімпаздарына аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Мәди Жәнібекұлының демеушілігімен сыйлықтар табыс етілді.