ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІҢ ЖОҚТАУШЫСЫ – ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІН ҚОЛДАУ КЕРЕК

ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІҢ ЖОҚТАУШЫСЫ – ҚАЗАҚ   БАСПАСӨЗІН ҚОЛДАУ КЕРЕК

Қазақстан Республикасының

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға!

ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІ МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДАРЫ  БАСШЫЛАРЫНЫҢ АШЫҚ ХАТЫ:

ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІҢ ЖОҚТАУШЫСЫ – ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІН ҚОЛДАУ КЕРЕК

 

 

Құрметті, Қасым-Жомарт Тоқаев! 

1. Ұлттық құндылықтан ажырап барамыз, қазақ тілі өркендемей жатыр,  тәуелсіздікпен түйедей құрдас балалар мемлекеттік тілде сөйлемей жатыр деп дабыл қағамыз. Оның себебі мен салдарына үңілген кім бар?  «Балалар жылы» деп бөркімізді аспанға атып қуандық, алайда сол балалардың рухани  қажеттілігін өтей алдық па? Елімізде қазақ тілінде шығатын онға жетер-жетпес балалар журналы бар.  Сөйте тұра көп облыстарда балалар журналына тапсырыс жоқ. Бар болғандарының өзінің талаптары қисынға келмейді, балалардың жас ерекшеліктеріне сай емес. Кішкентай балалардың сана-сезімі, ой-өрісі  жатық тілмен жазылған балалар журналы мен ертегі кітаптар арқылы дамитынын неге естен шығарамыз? Осы мәселе бүгінгі таңда ең өзекті болып тұр. Мемлекеттік тілдің өркендеуі де, өсуі де бала тілінің қалыптасуына байланысты. Кезек күттірмейтін бұл мәселе тез арада шешімін таппаса, үлкен проблемаға айнала түспек!   

2. Басылымдардың, соның ішінде қазақ газет-журналдарының таралымын көбейтуге еліміздегі кітапханалар жүйесі айрықша ықпал етеді. Нақты санын айтар болсақ, 11 мыңдай кітапхана бар. Оның сыртында мектептерде де 7 мыңдай кітапхана жұмыс істейді. Оларға қазақ тіліндегі мерзімді басылымдарды жаздырып алуға бөлінетін қаржыны Үкіметіміз көбейту керек. Бір-бірден жазылғанның өзінде тек кітапханалар жүйесі арқылы таралымымыз 18 мыңға жетер еді. Осы мәселеге өзіңіз тікелей ықпал еткеніңізді қалаймыз. Себебі бұл жол халықпен байланысудың нақты да сара жолы.  

3. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жанынан «Ақпараттық-сараптамалық комиссия» құрылса жөн болар еді. Сонда ол комиссия бізбен тікелей жұмыс істер еді.  Журналистердің Бірлестігі немесе Ассоциациясы құрылып, барлық талаптарымыз осы қоғамдық ұйым арқылы шешілсе деген өтінішіміз бар. Сондай-ақ қазақ басылымдарының қажетін қамтамасыз ететін қор ашылса, нұр үстіне нұр.

4. Тәуелсіз басылымдар мемлекеттік тапсырыстан әрқашан тыс қалады. Немесе болмашы қаржымен қанағаттанып жүрміз. Бұл басылымдарға да мемлекет қаржысымен шығып жатқан басылымдар секілді оң көзқарас қажет. Оның сыртында тапсырыс берілгенде газет-журнал таралымы жөніндегі шарты алынып тасталып, дотация беру жағын қарастыруға ықпал етсеңіз дұрыс болар еді. Шынында да мемлекеттік тапсырыстың талаптарын жеңілдетсе дұрыс болар еді. Мәселен бұрын мемлекеттік тапсырысты алу үшін таралым (газет) саны 10 мыңнан кем болмауы тиіс. Бұл санды соңғы кездері 5 мыңға азайтты. Мұның өзі де бізге ауыр жүк болып тұр. Себебі жоғарыда айтқанымыздай басылымдардың таралым саны күрт азайып кетті. Облыстардан, министрлік тарапынан тапсырыс көлемі арттырылса және ол конкурстан тыс болғаны жөн. Ол сонда бүгінде қиындық қыспағында қалған қазақ басылымдарына оң ықпал етері даусыз. Сондай-ақ, өңірлерден мемлекеттік тапсырыс алуда бір жүйеге көшсе. Өңірлер тапсырыс көлемін ұлғайтып, 20-30 беттен (А2) асырмаса кем қылмайды. Бұл газетіміздің мазмұнының төмендеуіне зор әсер етеді. Биылғы жылдан бастап шығатын материалдарды қазақша-орысшадан беруді талап етіп отыр. Бұл мемлекеттік тапсырысты бермеудің амалы ғой деп отырмыз. 

5. Кеңес өкіметі кезінде мерзімді басылымдар арнайы ғимарат орындарымен қамтамасыз етілді. Мәселен, республикалық деңгейде «Дәуір кешенді баспасы» үйі болды. Онда газет-журналдардың редакция ғимараты, арнаулы баспахана, спорт залы, мәдениет үйі бар болатын. Жекешелендіру кезінде республикалық басылымдардағы журналистердің маңдайтер қаржысымен салынған осы кешенді Баспа үйі әлдекімнің меншігі болып кетті. Сондықтан да бұл мәселе қайта қаралып, өзімізге қайтарылуы қажет. Немесе жаңа Кешенді Баспасөз үйлері Астана, Алматы қалаларында бой көтерсе құба-құп болар еді. Осыған ықпал етуіңізді сұраймыз.

6. Газет-журналдарды таратуға «Қазпошта» қызметі айрықша үлес қосады. Өкінішке қарай, бүгінде оның жер-жердегі мыңдаған бөлімшелері дұрыс жұмыс істей алмай отыр. Бұл газет-журналдың уақытында бармауы баспасөзге деген көзқарастың теріс болуына ықпал етуде. Пошта тасушылардың еңбекақылары мүлде төмен. Айлық жалақысы 20-30 мыңнан аспайды. Соның көлемін ұлғайту үшін аудандардағы пошта қызметкерлерінің еңбекақысын жергілікті бюджетке енгізген өте дұрыс жол болар еді. Сонда олар ауыл әкімдігінің құрамындағы қызметкерлер қатарына еніп, күнделікті пошта жұмысын Кеңес үкіметіндегідей қалыпқа келтірер еді. «Қазпоштаның» қызметі, газет тарату бөлімдерінің қызметтері қымбаттап, шарықтап кетті. Сондай-ақ баспахананың басу және қағаз бағасы да уақыт өткен сайын қымбаттап барады. 

7. Газет-журналдарға салынатын қосымша құн салығы мүлде алынып тасталғаны да біздің жұмысты жандандыруға ықпал етеді. БАҚ-тың жаңа заң жобасында осындай жақсылық бар деп естідік. Өңірлік әкімшіліктер мемлекеттік тапсырысты алалап барып, неғұрлым бермеуге тырысады. Соңғы мемлекеттік тапсырыс талабы тіптен сорақы болып кетті. Шығатын материалдар қазақ және орыс тілінде болсын деген жаңа талап қойып отыр. Сондықтан осы мәселені де күн тәртібіне қойсаңыз.

8. Қазір газет-журнал сататын дүңгіршектер жұмыс істемейді. Тіпті, Алматы мен Астана қалаларының өзінде де дүңгіршектер жоқтың қасы. Осы мәселені де назарға алып, дүңгіршектерді қайта өмірге әкелуге ықпал етуіңізді сұраймыз. 

9. БАҚ өкілдері осы жылға дейін мемлекеттік тапсырысты «ҚР Мемлекеттік сатып алу» Заңы бойынша (аталмыш заң барлық құрылымға ортақ) жергілікті (облыс, аудан, қалалық) ішкі саясат бөлімдері жариялаған конкурстың нәтижесімен алып келген болатын. 

Ал өткен жылдан бастап жергілікті жерлердегі бюджеттен бөлінген қаржыға конкурс өткізу құзіреті облыстық ішкі саясат басқармасына беріліп отыр. Бұл Қазақстан Республикасы «Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің» 2017 жылғы 23 ақпандағы №75 бұйрығымен бекітілген ережеге сәйкес жүзеге асуда. Демек бұдан былай бұқаралық ақпарат құралдарына бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған    тапсырыстар «ҚР Мемлекеттік сатып алу» Заңымен емес, «ҚР Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңына сәйкес өтетін болып отыр. 

Жоғарыда аталған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бұйрығымен бекітілген ережеге сай еліміздің барлық облыстарында және республикалық маңызы бар қалаларда мемлекеттік тапсырысты   ұйымдастыру облыстық ішкі саясат басқармасының құзіретіне берілгендігі  ақпарат құралдарына біршама қиындықтар тудыруда. Өйткені аталмыш ережеде мемлекеттік тапсырыс конкурстарына біркелкі талаптар қойылған. Соның ішінде бір аудан көлемінде таралымы жоғары және жергілікті оқырмандармен біте қайнасқан, тарихы терең басылым мен басқа қаладағы немесе аудандағы газет мемлекеттік тапсырыс конкурсына қатысуына ешқандай шектеулер қойылмаған. Яғни ауданның тынысын күнделікті жарыққа шығарып отырған, редакция құрамында 10 адамнан кем емес қызметкері бар газет ұжымымен өзге қала немесе аудандағы басылымның артықшылығы аталған ережеде ескерілмеген. Одан бөлек жыл сайын «ҚР Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес аудан аумағында жыл көлемінде игеретін қаржының 20 пайызына дейінгі көлемін алдын ала қосымша келісім арқылы аударатын. Себебі мемлекеттік тапсырыс конкурсының өтетін мерзімі шамамен 2 айға жоспарланған. Осы уақыт аралығында редакция ұжымы айлық жалақы мен өзге де шығындарынан қысылмайтын. Ал бүгінгі таңда қаңтар айының басында қол жеткізетін 20 пайызға дейінгі қаржымыздың нақты қай мерзімде берілетіні әлі күнге дейін белгісіз. 

10. Журналиске және мемлекеттік басылымдарға мәртебе берілсе. Жалақы мәселесі көтерілсе. Зейнет демалысына шыққан журналистерге көтеріңкі зейнетақы тағайындалса. Үй алу мәселесі де оңтайландырылып жеңілдетілсе. Үкіметтік ауруханаларда тегін емделуге, қаралуға журналистерге мүмкіндік жасалса. 

11. Елімізде қазақ тілінде шығатын онға жетер-жетпес балалар журналы бар.  Сөйте тұра көп облыстарда балалар журналына тапсырыс жоқ. Бар болғандарының өзінің талаптары қисынға келмейді, балалардың жас ерекшеліктеріне сай емес. Осы мәселе бүгінгі таңда ең өзекті болып тұр. 

12. Елімізде ресейлік БАҚ-тар үлес салмағы басым. Жеке мемлекет ретінде олардың жұмысын тоқтатып немесе мейлінше шектеу қажет. Олар біздің мемлекетімізде ұлттық-ақпараттық қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіретіні сөзсіз. «Жаңа Қазақстан» жүйесін құрған кезде осы мәселені арнайы қарап, олардың біздің елімізде таралуы тоқтатылса деген талабымыз бар. 

Міне көріп отырсыз, бұл айтқан мәселелер мемлекетке аса көп жүк, ауырлық түсірмейді деп ойлаймыз. Тек бізге деген ниет, ықылас түзелсе, бәрі де жүзеге асатын мәселелер. Бізге де қаржы табуға жанталаспай, шығармашылықпен айналысуға зор мүмкіндік туар еді. Сөйтіп еліміздің даму деңгейін арттыруға, «Жаңа Қазақстанның» экономикалық және рухани жағынан гүлденуіне, өркендеуіне біз барынша үлес қоса алар едік.

Зор құрметпен:

1) Сәуле Мешітбайқызы, «Qazaqstan dauiri» ЖШС бас директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері. 

2) Мағира Қожахметова, Балалардың республикалық «Балбұлақ» журналының, «Дертке дауа» медициналық-танымдық, республикалық газетінің бас редакторы.  

3) Марат Тоқашбай, «Президент және халық» газетінің бас редакторы, Қазақстанның педагогикалық ғылым академиясының академигі, профессор. 

4) Талғат Айтбайұлы, республикалық «Жыл – он екі ай» журналының бас редакторы, ұлт қайраткері. 

5) Досымбек Өтеғалиев, «Заң» медиа корпорациясы, ЖШС басшысы, («Заң» газеті, «Юридическая газета»).

6) Ертай Айғалиұлы, халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі.

7) Төрехан Данияр, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, «Қазақ радиосының үздігі», Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері, ҚР Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының мүшесі, Қазақ журналистикасының қайраткері медалінің иегері. 

8) Қымбат Әбілда, Республикалық «Айгөлек» журналының автор-редакторы, ҚР Мәдениет қайраткері, Түркі әлемінің ақпарат саласының үздігі.

9) Дәурен Қуат, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы мен түркі халықтарының М.Қашқари атындағы сыйлығының лауреаты, «Ақпарат саласының үздігі» медалінің иегері. 

10) Құлтөлеу Мұқаш, «Қазақ үні» газетінің бас редакторы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері. 

11) Срайыл Смайыл, «Jas qazaq» газетінің бас редакторы, ҚР Президентінің БАҚ саласы бойынша сыйлығының лауреаты. 

12) Болат Батыр, Республикалық «Үш қоңыр» газетінің бас директоры, бас редакторы.

13) Нұрлыбек Саматұлы, Республикалық «Таңшолпан» әдеби-көркем көпшілік журналының бас редакторы, жазушы. 

14) Шолпан Ұғыбайқызы, «Ақ босаға» газетінің құрылтайшысы, бас редактор, «ҚР Президенті жанындағы Отбасы және демографиялық саясат комиссиясы ұйғарған «Әйел басқарған үздік кәсіпорын» басшысы. 

15) Дәулетбек Байтұрсынұлы, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы, ақын, «Түркі дүниесі ақындары» мүшайрасының жүлдегері, Халықаралық «Илһам», «Молда Бағыш», «Юнус Эмре», «Поэтикалық тірек» сыйлықтарының лауреаты. ҚР Баспасөз үздігі төсбелгісінің иегері.  

16) Қайрат Мәтіреков, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы.

17) Жасұлан Мәуленұлы, «Қазақ» газетінің бас редакторы.

18) Бауыржан  Бабажанұлы, «Túrkistan» газетінің бас редакторы.

 

(Тұлғалар хатты оқып, толық келісімін берген)

 

24.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 82
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 116
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 116
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 82
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 227
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 231
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 444
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 407

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9104
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8502
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11730
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9495
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10711