Ұлттық құрама Томас Бахпен кездесті

Ұлттық құрама Томас Бахпен  кездесті

Қазақстандық командалар Қытайға жетіп, Олимпиадалық қалашықтарға сәтті орналасты,  деп хабарлайды Olympic.kz. Қысқы Олимпиада ойындары үш кластерде, атап айтқанда, Бейжің, Чжанцзякоу және Яньцинь аймақтарында өтеді және мұз айдындындағы барлық жарыс Бейжіңде өтеді. Біздің қалашыққа орналасуымыз Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтың Олимпиадалық қалашыққа сапарымен тұспа-тұс келді. Ол спортшылармен тілдесіп, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі. Бұл кездесу біздің спортшыларды бұрынғыдан да қанаттандырып, шабыттандырды деп ойлаймын, деп атап өтті Қазақстан Республикасы Ұлттық шаңғы қауымдастығының бас хатшысы Асқар Валиев. Кездесу барысында олимпиадалық дәстүр де сақталып, ХОК басшысы спортшылармен естелік төсбелгілерімен алмасты. 

– Олимпиадалық қалашыққа келгендегі сезімім ерекше, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мұнда барлығы өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылған. Командамыз да өз кезегінде бұл стартқа тастүйін дайын.  Жан-жақты, психологиялық және физикалық тұрғыдан дайындалды. Алғашқы күні-ақ ХОК басшысы Томас Бахпен кездестік. Ол маған бір-екі символдық сұрақ қойып, көңіл-күйімді, қобалжу бар-жоғын сұрады. Сондай-ақ, әрине, сәттілік тіледі, – деп бөлісті бізбен фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының мүшесі Анастасия Городко. Айта кетейік, Олимпиадаға Қазақстан құрамасының спортшыларының ішінде бірінші болып жарыс жолына могулшылар шығады. Могул бойынша іріктеу жарыстары Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 3 ақпанда өтеді.

 

Ермек Сахариев
03.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 350
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 199
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 495
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 339

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18252
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18111
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33301
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31852
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35568