Ұлттық спорт: Ат құлағында ойнаған көкпаршы ару

Ұлттық спорт: Ат құлағында ойнаған көкпаршы ару

Алматы облысының тумасы Ева Жигалина – 6 жасынан атқа мініп өскен әккі шабандоздың бірі. Жастайынан ат құлағында ойнап өскен қаскелеңдік ару бүгінде қазақтың ұлттық ойыны бәйге мен көкпарға ат дайындаумен айналысады. Еваны көпшілік орыс ұлтының өкілі деп ойлайды, алайда ол – казак, ата-бабасы кәдімгі Дон казактарынан тарайды. Ева: «Көкпарға атты жер-жерден іздеп жүріп таңдаймын. Дончак пен Қостанай тұқымы көкпар тартқанға өте қолайлы. Самсон есімді атымды 3 жасынан баптадым. Қазір ол топқа бұзып жарып кіретін кәсіби ойыншыға айналды. Өзіме келер болсам, мен жылқыға бар ғұмырымды арнауға бел буған жанмын. Атқа отырсам, қанаттанып шыға келемін. Ал көкпарда өзімді суда жүзген балықтай сезінемін», – дейді көзі оттай жайнап. Бір қызығы, Ева болашақ жұбайымен де осы атбегілік өнердің арқасында танысыпты. Қазір ерлі-зайыптылар 2015 жылдан бері Жамбыл ауданындағы «Көкбастау» атшабарының іргесінен ашқан жылқы фермасында көкпар аттарын баптаумен айналысады.  Ева: «Құлындарды Польшадан, Ресейден алдырамын. Бұл өзі бейнеті өте ауыр еңбек. Ыстық-суыққа қарамаймын. Күніне 3-4 сағат атқа мінемін. Астымдағы Самсоным өте сезімтал жылқы. Топқа түскенде екеуміз бір-бірімізді ұятқа қалдырмауға тырысамыз. Басында оны сату үшін баптағанмын. Кейіннен бұл ойымнан айнып қалдым», – дейді. Айта кетсек, Ева Жигалина Қарасай ауданының көкпаршылары арасында «Амазонка» деген лақап атпен жақсы таныс. 

 

Ермек САХАРИЕВ
21.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 347
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 490
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 336
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 194

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18250
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18110
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33299
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31850
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35567