ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖҮЛДЕЛЕР КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ РЕСПУБЛИКАДА ТОП ЖАРДЫ

ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖҮЛДЕЛЕР КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ РЕСПУБЛИКАДА ТОП ЖАРДЫ
Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы 2023 жылдың қорытындысы бойынша аймақтардың рейтингін жариялады. Былтыр ұлттық спортты серік еткендер 11 спорт түрінен сайысқа түскен болатын. Жыл басынан бастап ұлттық спорт түрінен жекелеген ішкі чемпионаттар, кубок бәсекелері, ұлттық спорт фестивалі, халықаралық жарыстар мен әлемдік додалар өтті.
Бір жыл көлеміндегі жарыстар қорытындысы бойынша 17 облыс пен 3 қаланың арасынан Түркістан облысы үздік атанды. Оңтүстік өңірінің спортшылары былтырғы жарыстарда 58 алтын, 52 күміс, 65 қола жүлдемен көш бастады. Оның 13 алтынын түркістандықтар қазақ күресінен еншілеп, рекордтық көрсеткішті тіркеді.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қолдауымен спорт саласындағы көрсеткіштерді жақсарту бойынша жұмыстар жүруде. Қазіргі таңда Түркістан облысында 7 облыстық, 23 аудандық, 7 қалалық спорт мекемесінде ұлттық спорт түрлерінен бөлімшелер жұмыс істейді. Сонымен қатар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан жаттықтырушылар мен әдіскерлерге оқу-жаттығу сабақтарына әрдайым әдістемелік көмек көрсетілуде.
Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, рейтингте екінші орынды Астана қаласы иеленді. Елордалықтар аталған жарыстардан 24 алтын, 19 күміс, 28 қола жүлде еншіледі. Ал үздік үштікті Шымкент қаласының спортшылары түйіндеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
02.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 143
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 193
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 246
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 55

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805