Дінмұхамед Қонаев есімі қазақ халқы үшін қастерлі әрі қадірлі екені даусыз.
Кеңес дәуірінде қазақтардың басты арманы ұлтын сақтап қалып, тәуелсіз ел болу еді.
Осы жолда көп қиыншылықтармен күрескен жандар кем емес.
Сол жолда талмай жұмыс істеп, халықтың тәуелсіздігін алуға ұмытылған тұлға – Дінмұхаммед Қонаев.
Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевқа арналған ескерткіш аты аңызға айналған тұлғаның туғанына 111 жыл толуына орай Талас ауданында бой көтерді.
Ал, мұражайы демеушілердің көмегімен 2022 жылдың 4 наурызында ашылған болатын.
Қазіргі таңда мұражай жұмыс жасауда.
Салтанатты түрде ашылған ескерткішке кеше гүл шоқтарын қойдық.
Д.Қонаев атындағы мұражай жанына қойылған тастұғырдың ашылу салтанатына Халықаралық “Д.А.Қонаев” атындағы қордың вице-президенті Байбол Болат Қажыақбарұлы және жергілікті билік өкілдері, депутаттар, зиялы қауым өкілдері, Талас ауданының жұртшылығы қатысты.
Қазақтың маңдайына біткен біртуар ардақты азаматы Дінмұхаммед есімі де дара.
Сан ғасырлар өтсе де, ұрпақтан-ұрпаққа мәңгі ұмытылмас өшпес із қалдырған көрнекті тұлғаның ел есінде халқы үшін жасаған игі істері ауыздан-ауызға тарап дархан даламызда әрқашан үлгі-өнеге болары хақ.