▪️2024 жылдың 25-ші наурызында жүргізілген мониторинг бойынша “Пионер” маркалы жоғары сұрыпты ұн бағасы “Корзина” сауда желілерінде 19 900 теңге, “Фиркан” желілерінде 17 590 теңге, “Оптовик” дүкендерінде 19 000 теңге, “Нұрислам” сауда орындарында 18 500 теңге, базарларда орташа 17 500 теңгеден өткерілуде. Сондай-ақ, көтерме сауда орындарында аталған тауар түрі 16 750 теңгеден сатылып отыр.
🔺Осыған байланысты, Жамбыл облысының тұрғындарына аталған тауар түрін баға арзан жерден сатып алуды ұсынамыз.
🔹Бүгінде өңірде “Пионер” ұн бағасының өсуі байқалмайды, керісінше өткен жылмен салыстырғанда жоғарғы сұрып 10%, ал бірінші сұрып ұны 21%-ға арзандаған.
🔹Жамбыл облысы әкімдігі тарапынан 19 тауар түріне тұрақтандыру жұмыстары жүргізіледі, бұл тізімге жоғары сұрыпты ұн кірмейді, 1-ші сұрыпты ұн бағасы қадағаланады.
🔹1-ші сұрыпты ұнның бағасы бүгінгі күнге келесідей қалыптасып отыр:
“Корзина” желісінде:
1. “Пионер” 50 кг – 13 050 теңге (Шымкент);
2. “Ақсарай” 50 кг – 13 750 теңге (жергілікті);
3. “Наубай” 50 кг – 10 450 теңге (жергілікті);
4. “Адем” 50 кг – 12 350 теңге (Қарағанды);
5. “Цесна” 50 кг – 13 950 теңге (Астана);
6. “Қарағанды нан” 50 кг – 7500 теңге (Қарағанды).
“Фиркан” желісінде:
1. “Пионер” 50 кг – 11660 теңге (Шымкент);
2. “100 пудов” 50 кг – 13 085 теңге;
3. “Цесна” 50 кг – 10 760 теңге (Астана);
4. “Корона” 50 кг – 13 510 теңге (Қостанай).
Нұрислам желісінде:
1. “Ақсарай” 50 кг – 11 125 теңге (жергілікті).
“Ауыл Береке” базары:
1. “Пионер” 50 кг – 11 500 теңге (Шымкент);
2. “Ақсарай” 50 кг – 11 000 теңге (жергілікті);
3. “Ақ ниет” 50 кг – 9 800 теңге (Семей) ;
4. “Золотой стандарт” – 11 500 теңге (Шымкент);
5. “Дарад” – 11 700 теңге (Қарағанды).
т.с.с.