«Ұраным-Алаш!» деген ғалым 70 жасқа толды

«Ұраным-Алаш!» деген ғалым 70 жасқа толды

Бүгін (15 қазан) елордадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбайдың 70 жылдық мерейтойына арналған «ЕЛДІК ҰСТАНЫМ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК НЫСАНАСЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.

Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай 1951 жылы 15 тамызда ШҚО-ның Абай ауданында туған. Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген. (1969-1974) Жазушы, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы. Ол көркем әдебиеттің түрлі жанырларына қалам тартқан талант. Әдебиетке өлеңмен келіп, кейін әдемі әңгімелер, очерктер жазған. М.Икбалдың, С.Тогэнің, Л.Шералидің, В.Шефнердің, Р.Рождественскийдің, С.Қапаевтың және т.б. өлеңдерін қазақ тіліне аударған аудармашы.

Көрнекті ғалым Тұрсын Жұртбай көп уақытын зерттеуге, соның ішінде Алаш қайраткерлерінің мұралары мен Алаш тарихының ақтаңдақ тұстарын зерттеуге арнады. «Бейуақ» монографиясының негізінде кандидаттық (1992), «Бесігіңді түзе» зерттеу кітабы негізінде докторлық (2000) диссертациялар қорғады. 2002 жылы профессор ғылыми атағы берілді. Қазірге дейін 76 кітабы жарық көрген. Көркем шығармалары мен зерттеу еңбектері әлемнің 15 тіліне, ал ғылыми еңбектері ЮНЕСКО-ның ресми тілдеріне аударылған. Ғалымның «Ұраным-Алаш» атты зерттеулері қазақ, орыс тілдерінде жарыққа шықты. Зиялы қауым өкілдері ғалымның бұл еңбегін Алаштануға, отан тарихын зерттеуде қосылған үлкен үлес ретінде бағалайды. 

                 

Көрнекті Алаштанушының 70 жылдық мерейтойына арналған бұл шараны Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дегі Тарихшылардың ұлттық конгресі мен ғалымның өзі жетекшілік ететін «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы ұйымдастырып отыр. «Елдік құндылықтар және гуманитарлық ғылымның басым бағыттары» және «Ұлт руханияты: ізденістер, жобалар, тұжырымдамалар» атты екі секциядан тұратын конференцияға алыс-жақын шетелдерден келген ғалымдар баяндамалар жасап жатыр.

   

Толық ақпаратты газетіміздің алдағы нөмерінен оқисыздар.

 

 

 

 

 

 

«Qazaqstan dauiri» газеті
15.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 28
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 38
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 15
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 53
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 154
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 158
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 341
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 334
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 958

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9035
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8431
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11659
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9414
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10640