Үздік тауар өндірушілер анықталды

Үздік тауар өндірушілер анықталды

 

Өткен аптаның соңында облыс орталығында «Қазақстанның үздік тауары-2023» өңірлік көрме-байқауы өтті. Оны облыстық әкімдіктің қолдауымен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды.

 

Орайы келгенде айта кетейік, көрме-байқаудың басты мақсаты – жергілікті өндірушілерді қолдау, оларды тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға ынталандыру және отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған қызметін жандандыруға, ел нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға, отандық және халықаралық стандарттар негізінде сапаны басқару мен қамтамасыз етудің қазіргі заманғы әдістерін кеңінен енгізуге алғышарттар жасау болды.

Елімізде сонау екіміңыншы жылдың басынан бері дәстүрлі өтіп келе жатқан аталмыш байқау биыл біздің облысымызда тұңғыш рет өткізіліп отыр. Оған облыстың отандық өнім өндіретін жеке және заңды тұлғалары қатысты.  

Өңірлік көрме-байқаудың ашылу салтанатында сөйлеген облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен облыстық мәслихаттың төрағасы Бауыржан Шыңғысов «Қазақстанда жасалған» белгісімен тауар өнідіретін шағын және орта бизнес өкілдеріне мұндай көрмелердің зор ықпалы тиетінін, халық арасында өндірілген өнімнің сапа идеясын кеңінен танытуға, өз өнімдерін жұртшылыққа жарнамалауға, бәсекеге қабілетті өнім өндіруге мүмкіндік беретінін айтты.

Берік Әбдіғалиұлы жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерімен танысып, конкурсанттармен сөйлесіп, отандық өнімдерге назар қойды.

Көрме-байқауға «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша аймақтағы 60 бизнес-субъект қатысып, өз өнімдерін көрме қонақтарына ұсынылды. Олар конкурсты ұйымдастырушы растаған өнім сапасының тұрақты жоғары деңгейін және оны жүйелі жақсартуды қамтамасыз ету бойынша оң нәтижелерге ие. Олардың қатарында бұған дейін де осындай конкурстарға қатысып, бақ сынаған, жеңімпаз болған халық тұтынатын тауарлар  өндіруші ұжымдар  бар.

Көрмені тамашалауға келген жезқазғандықтар мен қала қонақтары  аймақта өндірілетін тауарларды көріп, ұнаған, қалаған тауарларын қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне де ие болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау жүлдегерлері әр аталым бойынша І, ІІ және ІІІ дәрежелі «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының дипломдарымен және таным белгісімен марапатталды. Сондай-ақ, олар төрт жыл бойы байқау белгісін жарнамалық мақсаттарда қолдану құқығына ие болады.

Сонымен, конкурсқа қатысушы кәсіпорындар тауарларын саралап, өз бағасын беретін арнайы конкурстық комиссияның шешімімен  «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясы бойынша «Алтын Ана» жеке кәсіпкерлігі, «Ютария» өндірістік инновациялық компаниясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Қосай KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үздік деп танылды.

Ал, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы санатынан – «Гелисханова Л.М.» жеке кәсіпкерлігі, «Стивал Ман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «АРША» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі топ жарды.

Байқаудың үшінші жүлдесі – «Үздік азық – түлік тауарлары» номинациясын – «Үлкен Отбасы», «Самади 2030» және «Ұлытау-Нан» жакапкершілігі шектеулі серіктестіктері иемденді.

Өңірлік байқаудың жеңімпаздары енді Астанада өтетін «Қазақстанның Үздік Тауары» республикалық байқауына қатысып бақтарын сынайтын болады.

 

 

 

 

 

 

Ізтай Белгібайұлы.
28.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 105
ТҮРКІСТАН: «ЖЕТІСАЙ» КОМАНДАСЫ ТУРНИР КЕСТЕСІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 91
МАҚТААРАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 111

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1243
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7290
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11151
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7351
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7498