Вандализмге жол жоқ!

Вандализмге  жол жоқ!

«Қаланың мүлкін бірге қорғайық!» деген атаумен Астанада «Тоқта, вандал!» акциясы өтіп жатыр. Бүгінде Қоғам мен мемлекет меншігіндегі басқа да мүліктердің сыртына таңба, сурет салу, шимайлау, лас нәрсе жағып кету әрекеті тоқтамай тұр. Бұның залалы мен зардабы жетерлік.  Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында вандализммен күресу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілу қолға алынуда. Аталмыш шара аясында елордада қаланың мүлкін, аула аумақтары мен қоғамдық алаңдардың бүлінуіне жол бермеу бойынша «Тоқта, вандал!» акциясы басталды. «Тоқта, вандал!» акциясы 2 тамыз күні «Хан Шатыр» СОО алдында өткізілді. Оған ұрыс қимылдарының ардагерлері, еріктілер, ҮЕҰ, этномәдени ұйымдардың өкілдері қатысты. Бастама елордада вандализмге жол бермеуге және қала мүлкін сақтауға бағытталған.

 

Науқанға қатысқан Ауған соғысының ардагері Мейрамбек Түлекбаевтың сөзінше, қазіргі таңда жастардың бос уақыты көптігінен олар көше бұзақыларына айналған. «Соңғы кезде вандализм жағдайы ушығып кетті. Ең алдымен жастарды қаламыздың көркін сақтауға шақырамын. Мемлекет ескерткіштер мен  көрнекті орындар жасау үшін көп ақша бөледі. Бірақ оларды шимайлап, бүлдіріп кету дұрыс емес. Бұл баланың тәрбиесін көрсетеді. Ата-аналар балаларына осы туралы тәрбие берсе, мұндай бұзақылар азаяды. Қазір кейбір жерлерде бейнебақылау камералары жоқ. Олардың санын арттыру арқылы да бұл дүниелерді бақылауға болады. Бұзақылық неден болады? Әрине, жастардың бос уақыты көптігінен деп айтар едім», – дейді ардагер Мейрамбек Түлекбаев. 

Қатысушылар елорда тұрғындарын бұзақылық әрекеттерден аулақ болуға шақырды. Іс-шара барысында қала тұрғындарына «Қаланың келбетін сақтайық!», «Бастаманы қолдайық!», «Астана – біздің ортақ үйіміз!», «Қалада вандализмге жол жоқ! Елде вандализге жол жоқ!» жазуы бар 200-ден астам постер таратылды.

Акция жыл соңына дейін жалғасады деп хабарланып отыр. Естеріңізге сала кетейік, Астанада ұсақ құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын іске асыру аясында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «ұсақ бұзақылық» бойынша 555 хаттама жасалды. Оның ішінде қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқаны, жеке тұлғаларды қорлағаны, ғимараттарға, өзге де құрылыстарға, тұрғын үй-жайларға, ортақ орындарға, көліктегі мүлікке және басқа да мүлікке зиян келтіргені үшін, сол сияқты қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да ұқсас әрекеттер бар. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін елорда көшелерін күн сайын 2500-ден астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан әскери бөлімінің қызметкерлері күзетеді.

 

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
11.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 150
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 60
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 186
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 183
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 150
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 297
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 295
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 511
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 468

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9168
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8566
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11794
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9562
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10774