ВИЦЕ-МИНИСТР ЕРБОЛ ОСПАНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ВИЦЕ-МИНИСТР ЕРБОЛ ОСПАНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов Түркістан облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі бірқатар әлеуметтік мекемелердің жұмысымен танысып, әлеуметтік қызметкерлермен және Түркістан тұрғындарымен кездесулер өткізді, онда әлеуметтік-еңбек саласындағы жаңалықтар туралы хабарлады. Вице-министр Түркістандағы жұмыс сапарын биыл пайдалануға берілген «Қамқорлық» жанұя орталығының жұмысымен танысудан бастады.
Одан соң Ербол Оспанов әлеуметтік қызметкерлермен кездесу өткізіп, онда Әлеуметтік кодексті іске асыру шеңберінде көзделген әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту туралы айтты.
— Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – арнаулы әлеуметтік қызметтердің, әсіресе мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігін арттыру. Ол бірнеше бағытты көздейді, атап айтқанда: халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігі азаматтардың өтінішін күтпей, Отбасының цифрлық картасының көмегімен автоматты түрде айқындалатын болады; әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарын шағындап қайта ұйымдастыру және қызмет алушылардың тұрғылықты жері бойынша сыйымдылығы шағын үйлерде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету; мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге отбасы мүшелерін тарту; арнаулы әлеуметтік қызметтер стандарттарын қайта қарау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында тариф қалыптастырудың жаңа тәсілдерін енгізу, – деді вице-министр.
Ербол Оспанов Отбасының цифрлық картасының (бұдан әрі – ОЦК) жұмыс принциптеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
— ОЦК еліміздің барлық отбасылары туралы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі деректерді қамтиды. Оны енгізудің негізгі мақсаты қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл ретте қолда бар деректерді автоматты өңдеудің арқасында кімге, қашан, қандай көмек қажет екенін анықтап қана қоймай, әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу шараларын да қарастыруға болады, – деп бөлісті Ербол Оспанов.
Сонымен қатар ол ОЦК халық үшін белгілі бір мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі туралы хабарлама болып табылатынын атап өтті.
— Тиісті қолдау шаралары SMS-хабарлама арқылы хабарланады, оған жауап бере отырып, көрсетілетін қызметті алушы қосымша өтініштерсіз немесе мемлекеттік мекемелерге бармай-ақ қызметті алуға автоматты түрде келіседі. Бұл қызмет көрсетудің проактивті форматын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, – деді вице-министр.
Бұдан басқа, Ербол Оспанов әлеуметтік қызметкердің мәртебесін көтеру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.
— Әлеуметтік кодексті іске асыру шеңберінде әлеуметтік қызметкерлерге санаттар бере отырып оқыту және одан әрі сертификаттау көзделген. Ал 2025 жылдан бастап олардың кәсіби деңгейі мен орындалатын жұмыстардың күрделілігін ескере отырып, еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілетін болады, – деп қорытындылады ол. Әлеуметтік қызметкерлермен кездесуден соң Ербол Оспанов Сауран ауданындағы оңалту орталығына барып, ұйымның жұмысымен танысты.
Сапар аясында вице-министр Түркістан қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді, оған 200-ге жуық адам қатысады. Ербол Оспанов Әлеуметтік кодексте көзделген шараларды іске асыру, әлеуметтік-еңбек саласын одан әрі дамыту туралы айтып, азаматтарды қызықтыратын мәселелерді талқылайды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
26.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 60
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 23
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 169
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 173
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 390
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 354
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 971

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9048
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8444
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11672
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9435
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10652