VII Армия халықаралық ойындары басталды

VII Армия халықаралық ойындары басталды

Бүгін 11 мемлекеттің аумағында жетінші Армия халықаралық ойындары басталды. Конкурстар 22 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында өтеді. Оған 40-тан астам елден әскери командалар қатысады. Әскерилер далалық, теңіз және әуе жаттығулары бойынша 34 конкурста бақ сынайды. Қазақстандық әскери қызметшілер оның он біріне қатысады. Атап өтер болсақ, олар «Танк биатлоны», «Теңіз кубогы», «Десант взоды», «Тактикалық мерген», «Тәртіп сақшысы», «Эльбрус шеңбері», «Аттар марафоны», «Артиллериядан оқ ату шеберлері», «Сұңқар аңшылығы», «Әлем жауынгері» және «Әскер мәдениеті» конкурстары. Армия халықаралық ойындары бір мезгілде он бір мемлекеттің аумағында, 23 полигонда және үш теңіздің айлағында өтеді. Екі конкурс – «Артиллериядан оқ ату шеберлері» минаатқыш есептоптарының және «Сұңқар аңшылығы» ұшқышсыз ұшу аппараттары есептоптарының сайысы елде Жамбыл облысының Гвардейск кентіндегі «Мәтібұлақ» полигонында өтеді. Армия халықаралық ойындарында ел намысын танкистер мен артиллеристер, десанттар мен теңізшілер, әскери полиция мен арнайы күштер және таулы-егерлік полкінің мамандарын даярлау орталықтарының бөлімшелері қорғайды.

Ермек Сахариев

Ермек Сахариев
24.08.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14134
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14081
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29220
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27862
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31387