Рамазан айында ораза ұстаған адамға ауызашар беру – сауабы мол амалдардың бірі. Алайда шариғатта ауызашар беру міндеттелген парыз не уәжіп үкіміне жатпайды.
Ол адамның өз қалауымен атқаратын сауапты іс. Ауызашарды әркім жағдайына қарай жасайды.
Ең бастысы, ысырапқа жол бермей үйінде, дәмханаларда, мешіттерде, тағы басқа орындарда өткізе алады.
Осындай сауапты іс кеше «AMANAT» партиясы Сарысу аудандық филиалының мүшесі, аудандық маслихаттың депутаты Лаура Нұрмаханованың атсалысуымен жүзеге асты.
Қасиетті айда халық қалаулысы Байқадам ауылдық округіне қарасты ораза ұстаған 50 кісіге ауызашар себеттерін таратты.
Ыстық тамақ, нан, тәттілер мен жеміс, сусын т. б салынған елу қоржын ауыз бекіткен жандардың үйлеріне таратылды.